2026 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердін тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі «Әлеуметтік кодексінің» 142 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» №281 бұйрығына сәйкес Түркістан қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан қаласы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қозыханұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қала әкімі
Ә.Пазылбекұлы
Түркістан қаласы әкімдігінің
2025 жылғы « ____» қыркүйектегі
№____ «2026 жылға көрсетілетін
арнаулы әлеуметтік қызметтердің
тарифтерін бекіту туралы»
қаулысына қосымша
Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері
Көрсетілетін қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:
1. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2. Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша іс-шараларды өткізу;
3. Он сегіз жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
4. Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар.
|
№
|
Атауы
|
Қызмет алушыға
көрсетілетін 1
қызметтің ай сайынғы тарифі (тенге)
|
|
1
|
Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)
|
76 111,78 т
|
|
2
|
Тірек- қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)
|
76 111,78 т
|
|
3
|
Он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
|
76 111,78 т
|
|
4
|
Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар.
|
76 111,78 т
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.