Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын қағаз саласының тауарларын ұлттық режимнен алып қою белгіленсін.
2. Қазақстандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілсін.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, осы қаулының 1-тармағында көзделген тауарлардың тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және екі жыл бойы қолданыста болады.
Бұл ретте осы қаулының 2-тармағы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Қазақстандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілсін.».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.