Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі
А. Шахаров
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 3 қазандағы
№ 211 қаулысына
қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4975 тіркелген) қаулысы;
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 425 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5122 тіркелген) қаулысы.
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 332 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5669 тіркелген) қаулысы.
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 346 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6377 тіркелген) қаулысы.
5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 2 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8307 тіркелген) қаулысы.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.