Қарғалы ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2025 ж.

    Қарғалы ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жер Кодексінің» 15 бабының 1 тармағының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 6 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы

    С. Аманжолов

    Қарғалы аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 30 қыркүйектегі

    № 379 шешіміне

    қосымша

    Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған жоспары

    Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - жоспар) "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 бұйрығы "Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді. Осы жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалануды, мал азығына деген қажеттілікті тұрақты қамтамасыз етуді және жайылымдардың тозу процестерін болдырмауды қамтамасыз етеді.

    Жоспар құрамында:

    1) Жерлер санаты Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған жоспарына сәйкес Қарғалы ауданының аумағы 1–қосымшада көрсетілген.

    2) Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарына 2–қосымшаға сәйкес ауылдық округтерінің және елді мекендерінің атаулары.

    3) Ауыл және ауылдық округ, иелері кескінінде ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы деректер Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарына 3–қосымшаға сәйкес көрсетілген.

    4) Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарына 4–қосымшаға сәйкес табиғи жайылымдарды пайдалану күнтізбелік кестеге сәйкес жаю мерзімдері көрсетілген төрт алқапты жайылым айналымы арқылы көрсетілген.

    5) Ауыл және ауылдық округ кескінінде ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жастық-жыныстық топтары бойынша табын, отарлар саны туралы деректер Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарына сәйкес 5–қосымшада көрсетілген.

    6) Қарғалы ауданының аумағындағы ветеринариялық-санитарлық объектілері туралы деректер Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарына 6–қосымшаға сәйкес көрсетілген.

    7) Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарына 7–қосымшаға сәйкес Қарғалы ауданының аумағында жайылымдардың қамтылғаны көрсетілген.

    8) осы Жоспарға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері.

    9) Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтажына арналған жайылымдарды белгілей отырып жеке аулаларға, оның ішінде қоғамдық жайылымдар ұсынылды, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының негізінде олардың меншік иелері немесе жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді көрсете отырып, шекараларын, оның ішінде шалғайдағы, маусымдық, аридтік және мәдени жайылымдарын көрсете отырып, әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жайылымдардың орналасу схемалары (картасы) Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған жоспарына 9-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

    10) Ауыл шаруашылығы жануарларын, мал айдау трассаларын және жайылымдық инфрақұрылымның өзге де объектілерін айдау үшін жайылым айналымдарының, сервитуттардың ұсынылатын схемалары, сондай-ақ жайылым пайдаланушыларға жер пайдалануға берілетін және жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізе отырып, мал жаю жөніндегі халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервтелген жайылымдар Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған жоспарына 9-11-қосымшаларына сәйкес көрсетілген.

    Жайылымдардың сыйымдылығы туралы мәліметтер. Жайылымдық кезеңдегі жайылымдардың сыйымдылығын айқындау әдістерінің бірі жайылымдардың өнімділігі туралы қолда бар деректер негізінде айқындау әдісі болып табылады. Жасыл жем-шөптің тәуліктік қажеттілігі жануарлардың әр-бір түрлеріне шаруашылықта қабылданған – зоотехникалық нормалар бойынша анықталады. Алайда, жасыл жем-шөптің келесі болжамды нормаларды қолдануға болады (орташа бір басқа): сиырларға сауымдылығына байланысты 40-75 килограмм, ірі қара малдың 1 жылдан астам төліне 30-40 килограмм, 1 жылға дейінгі төлге 15-25 килограмм, қой 6-8 килограмм, қозылар 2-3 килограмм, жылқы 30-40 килограмм. Өріс кезеңі мерзімінің ұзақтықтығы түрлі аймақтарда мынадай: орман зонасында 130-140 күн, орман далалық аймағында 150-200 күн, далалық аймағында 180-200 күн. Осылайша, өрістің өнімділігін, тәуліктің қажеттілігінің жасыл жемтікте және өрістің кезеңінің ұзақтығын, анықтау болады сыйымдылықты біле тұра, жасыл жем-шөптің жануарларға тәуліктік қажеттілігін және өріс кезеңі мерзімінің ұзақтықтығын біле тұра, жайылымдардың сыйымдылығын анықтауға болады.

    Жайылымның бір қатар белгілі жүйелері бар:

    - еркін немесе жүйесіз бағу, барлық жайылым мерзімінде мал жайылымда күн сайын жайылады;

    - байлаулы жайылым, жануарлар шағын алқапта жайылып арқан және шынжырда байланады, содан кейін әрі қарай басқа алқапқа ауыстырылады;

    - өрістік жайылым жүйесі, жайылым алқапты бірнеше өрістерге бөледі және кезекпен мал жайылады. Қарғалы ауданы аумағында еркін және өрістік жайылым жүйесі қолданылады. Бұқалар мен әлсіз кәрі малдарды кейде байлап жаю тәсілі де қолданылады.

    Өрістік мал жаю жүйесі. Жайылымның тиімді пайдалану негізгі бағыты – өрістік мал жаю жүйесі. Жүйесіз мал жаюдан гөрі бұл әдістің артықшылығы бар. Жүйесіз, еркін малдың жайылған кезінде шөптің қалыңдығы, дәнді және бұршақты өсімдіктердің саны үнемі азаяды, нәтижесінде пайдалы өсімдіктер жоғалып кетеді, нашар жеп қойылатын шөпке, тырбық өнімі аз өсімдіктерге ауысып кетеді. Осылайша жайылым мерзімінің екінші жартысында жануарлар азықтанудың жетімсіздігіне ұшырайды, пайдасы аз, қураған өсімдіктермен азықтануға мәжбүр болады. Өрістік жаю жүйесінде осы кемшіліктер жойылады, жайылымдардың жоғары өнімділігі мен шабындық шөп сақталады.

    Өрістік мал жаю жүйесінде жайылым алқабы өрістерге бөлінеді, шабындық шөпті кезек-кезек малға беріледі. Алдымен мал бірінші өрісте, содан кейін, осы учаскедегі өсімдіктер шабылғаннан кейін, малды екінші өріске жаяды. Екінші өрістен кейін малды үшінші, одан кейін төртінші өріске жаяды, барлық өрістер қолданып болғаннан кейін, мал қайтадан бірінші өріске ауыстырылады. Отаудың екінші циклы барлық өрістердің кезек тәртібінде басталады. Әрбір өріс 25-30 күн жаюдан еркін болуы тиіс, осы алқапта шөп жақсы өсу үшін. Өрістік мал жаю жүйесінде мал ұстауға қажетті алаңы азайып, сиырлардың сүттілігі жайылым кезеңінде 15-25% артып, төлдердің тірі салмақ өсімі жүйесіз мал жаюмен салыстырғанда 25-30% артады. Әр түрлі табиғи аймақтары мен жайылым типтеріне тиісті жайылым айналымы әзірленеді. В. И. Ларинның деректері бойынша Қазақстанның жағдайында жайылымдық кезеңде құрғақ далалық аймақта балауса өсу мүмкін, осыған байланысты құрғақ дала аумағында шабындық шөп отау циклдарының саны екі-үш рет ұсынылады. Үш танапты егіс жүйесінің жайылым айналымында құрғақ-дала зонасына арналған шабындық шөптің екі рет отауы қарастырылады: бір алқап – 3 рет отау, ағымдағы жылдың көктемінен бастап, екі алқап – 2 рет жазда және күзде, үш алқап – 1 рет күзде тұқымдардың пісуі мен шашылғаннан кейін. Жайылымның әрбір алқабы кезекті отауға бөлінеді, оның саны ауа райының жағдайына байланысты анықталады. Малдың өрісте жайылуы 6 күннен аспауы қажет.

    Жайылым айналымының орташа саны осы үлгідегі жайылым үшін формула бойынша есептелуі мүмкін:

    Өріс саны = (жайылымдық кезең ұзақтығы) / (малдың өрісте болу рұқсат етілген ұзақтығы × циклдарының отау саны) / 1,5, яғни 180/6/2=15.

    Үш танапты жайылым айналымында орта есеппен екі есе отау шөп көзделеді. Жайылымдық кезең ұзақтығы 180 күн болғаны және малдың өрісте 6 күн болған жағдайда, жайылым айналымындағы өрістің жалпы саны 15 құрайды, ал алаңда 5.

    Өрістің мөлшерін есептеу. Өрістің мөлшері табындық алқапқа тең /өрістің саны/.

    100 мал бас отар үшін, сиырлар: 600/15 = 40 гектар.

    Барлығы: 100 мал басы үшін үш танапты жайылым айналымы, ірі қара мал жайылым айналымының көлемі 600 гектар, алқаптың көлемі 200 гектар, әрбір алқапта 40 гектардан 5 өріс.

    Өріс жайылым жүйесіндегі шабындық шөптің кезекті отауды ұтымды пайдалануды ұйымдастыру үшін өрістің ұзындығы, ені мен нысаны маңызды орын алады. Құрғақ далалық аймағының табиғи жайылымдарында алқаптың жайылым айналым мөлшері 60-90 гектар шегінде ұсынылады, мал жаю кезінде 3-4 кезекті отау ұйымдастырылады.

    Алқаптар мен өрістерді орналастыру кезекті отау жүргізген кезінде малдардың қуаты мен күшін зая жіберетін малдарды басқа жерлерге бос жүрісін азайту маңызды талап болып табылады.

    Малдың бос жүрісінің негізгі түрлері мынадай: алқап, өріс және жазғы лагерлер, суат пунктілері арасындағы.

    Отаудың түрлері. Бірінші кезекте, шөптер масақтануға жақын учаскелерді отауға орынды. Қоршалмаған өрістерді отау кезінде, оң нәтиже беретін «аяқ астындағы» мал жаю әдісін қолдану қажет. Бұл әдісте табын баяу жүруде және бақташымен тоқталып отырады, сондықтан шабындық шөп бірқалыпты жеп қойылады. Таңертең табынды нашар шабындық шөп алаңымен немесе алдыңғы күндері мүлдем пайдаланылған алаңымен жүргізу қажет. Тамақтанғысы келген мал жеуге кем жарамды өсімдіктерді жақсырақ жеп қояды, күннің екінші ортасында оларды балғын телімге ауыстыруымен салыстырғанда.

    Жайылымдарды сақтау және өнімділігін арттыру, ботаникалық шабындық шөпті жақсарту үшін, эрозияны болдырмау немесе жол бермеу үшін Қарғалы ауданы үшін төрт танапты жайылымдар айналымының схемасы болып табылады. Зооветеринарлық талаптарына сәйкес табын жас-жыныс топтық бойынша қалыптастырылады. Жайылымдар айналымының алаңы мал жаюды ұйымдастыру кезіндегі қолайлы жағдайларын жасауымен, топтардың жер азықтығымен қамтамасыз етілуін есепке алғанда анықталады. Жайылым айналымы әрбір табын тобы бойынша бекітіледі. Сиыр табындарына жақын жердегі елді мекен маңында орналасқан табиғи жайылымдар беріледі. Қой мен жылқыларға неғұрлым шалғайдағы жайылымдық алқаптар беріледі. Табындық, отарлық телімдер мүмкіндігінше ықшам қолданылады. Телімдер шекаралары табиғи ашық көрінген пішінділері мен табиғи батпақты жерлеріне орайластырылады.

    Ауданда бар малды азықтану үшін жайылымдарды бірнеше рет отау ұсынылады. Бірнеше рет отау шабындық шөптің толық пайдалануына әсер етсе де, алайда жайылымдар бірте-бірте өз өнімділігін төмендетіп, азықтық сапасын нашарлатады.

    Жоғарыда айтылғандардың негізінде жайылым айналымдарының ұтымды схемасы дайындалды:

    Үш жылдық үш алқапты жайылым айналымы әр алқапта 5 өрістен. Жылдар бойынша пайдалану кезектілігі:

    - бірінші жылы – үш мәрте жаю, бірінші жаю көктемнен басталып 15 маусымда аяқталады;

    - екінші жылы – қыркүйек-қазан айларында жаю;

    - үшінші жылы – шілде-тамыздың бірінші жартысында жаю.

    Мал жаюға қатысты әртүрлі есептеулердің ыңғайлылығы үшін әртүрлі мал түрлерін салыстыру немесе жинақтау үшін шартты бірлік қолданылады.

    Ауыл шаруашылық жануарларының шартты басы – бұл жануарлардың әртүрлі түрлері мен санаттарын салыстыру үшін қолданылатын бірлік. Эквиваленттілік жануарлардың азыққа деген қажеттілігіне байланысты анықталады.

    Ауыл шаруашылығы жануарларын шартты бастарға қайта есептеу коэффициенті:

    Жа­ну­ар­лар­дың түр­ле­рі
    ауда­ру­ко­эф­фи­ци­ент­те­рі
    Ірі қа­ра мал
    0,8
    Қой мен еш­кі
    0,1
    Жыл­қы­лар мен түй­е­лер
    1,0
    Ауыл шаруашылығы жануарларын суару туралы мәліметтер:
    Суаратын пункттер жануарлардың жайылатын мал басының түрлері мен топтарын, олардың учаскелерді пайдалану маусымдылығын, жергілікті жер бедерін ескере отырып орналастырылады. Су көздерін орналастыру кезінде суаруға ыңғайлы тәсілдерді ескеру және санитарлық-профилактикалық талаптарды сақтау қажет. Осы мақсатта су көздерін батпақты, су басатын және ластанған учаскелерде орналастыруға болмайды. Сондай-ақ бір суару пунктінен 250 бастан артық ірі қара немесе 2000 бастан артық қойға қызмет көрсетуге жобаланбауы тиіс.
    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жайылым аймақтарында ауыл шаруашылығы жануарлары су объектілеріне еркін қол жеткізе алады. Сонымен қатар, жекелеген учаскелерде су объектілерінде малды суару үшін тиісті түрде жабдықталған арнайы орындар пайдаланылады.
    Жайылымдық сумен жабдықтау көздері – өзендер, көлдер және ағынды су тоғандары сияқты табиғи су объектілері болып табылады.
    Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыл мезгілдері бойынша суға қажеттілігі мынадай нормалармен айқындалады:
    - ірі қара мал мен жылқы үшін – 45-60 литр;
    - 1-2 жастағы төлдер үшін – 25-35 литр;
    - бір жасқа дейінгі төл үшін – 10-15 литр;
    - қой мен ешкі үшін – 3-5 литр;
    - қозылар үшін – 1-2 литр.
    Жайылымнан суару орнына дейінгі рұқсат етілген қашықтық:
    - сиырлар үшін – 2,5 км;
    - бұзаулар үшін – 1 км;
    - ірі қара төлдері үшін – 2,5 км;
    - қой мен ешкі үшін – 3 км;
    - жылқы мен түйелер үшін – 4,6 км-ге дейін.
    Қарғалы ауданының жайылымдық жерлері негізінен сумен толық қамтамасыз етілген.
    10) Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемалары және кент, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемалары Қарғалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарына 28-37 косымшаларына сәйкес көрсетілген.

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    1-қосымша

    Жерлер санаты бойынша Қарғалы ауданының аумағы

    № р/н
    Жер­лер ­са­на­ты
    Бар­лы­ғы, га
    Оның ішін­де жай­ы­лым, га
    1
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер, бар­лы­ғы
    350 385
    177 795
    2
    Ел­ді ме­кен­дер жер­ле­рі
    85 305
    80 009
    3
    Өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс және бас­қа да ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы емес жер­лер
    5 067
    2 210
    4
    Босал­қы жер қо­рын­да­ғы жер­лер
    50 728
    40 142
    5
    Ор­ман қо­ры­ның жер­ле­рі
    5381
    209
    6
    Су қо­ры­ның жер­ле­рі
    2 980
    0
    7
    Ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар же­рі
    -
    -
    8
    Қар­ға­лы ауда­ны­ның жал­пы жер кө­ле­мі
    499 846
    300 365

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    2-қосымша

    Ауыл, ауылдық округтерінің және елді мекендерінің атаулары

    Ауыл, ауыл­дық округ­тер ата­уы
    Ауыл, ел­ді ме­кен­дер ата­уы
    Әлім­бет
    Әлім­бет ауы­лы, Шын­да­ша ауы­лы, Бө­ген­бай ауы­лы, Қы­зыл­сай ауы­лы
    Ащы­лы­сай
    Ащы­лы­сай ауы­лы, Ақ­көл ауы­лы, Бөзто­бе ауы­лы, Пре­об­ра­же­нов­ка ауы­лы
    Ба­дам­ша
    Ба­дам­ша ауы­лы
    Ве­ли­хов
    Ве­ли­хов­ка ауы­лы, Ақ­жай­ық ауы­лы
    Жел­тау
    Пет­ро­пав­лов­ка ауы­лы
    Кем­пір­сай
    Жо­са­лы ауы­лы, Кем­пір­сай ауы­лы, Қа­ра­бұ­тақ ауы­лы
    Қос-Естек
    Қос-Естек ауы­лы, Са­ры­бұ­лақ ауы­лы, Шев­чен­ко ауы­лы
    Степ­ной
    Степ­ное ауы­лы, Қай­рақ­ты ауы­лы, Ар­тық­сай ауы­лы, Ма­мыт ауы­лы, Пер­во­май­ское ауы­лы, Қай­рақ­ты­сай ауы­лы
    Шәм­ші Қал­да­я­қов ауы­лы
    Шәм­ші Қал­да­я­қов ауы­лы

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    3-қосымша

    Ауыл, ауылдық округ шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылық иелері бөлінісінде ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы

    Қала, ауылдық округ атауы
    Мал басы саны
    ІҚМ
    ҮШ
    ШҚ
    ҰММ
    ҮШ
    ШҚ
    Жыл­қы
    ҮШ
    ШҚ
    Түйе
    ҮШ
    ШҚ
    1
    Әлім­бет
    2522
    788
    1734
    2044
    1597
    447
    327
    114
    213
    -
    -
    -
    2
    Ащы­лы­сай
    2669
    1728
    941
    1866
    1230
    636
    348
    67
    281
    -
    -
    -
    3
    Ба­дам­ша
    2184
    1546
    638
    2739
    2455
    248
    187
    187
    -
    -
    -
    -
    4
    Ве­ли­хов
    1520
    501
    1019
    982
    879
    103
    103
    49
    54
    -
    -
    -
    5
    Жел­тау
    3272
    1500
    1772
    3299
    2072
    1227
    198
    72
    126
    -
    -
    -
    6
    Кем­пір­сай
    1282
    587
    695
    1774
    1395
    379
    142
    44
    98
    -
    -
    -
    7
    Қос-Естек
    2980
    1615
    1365
    2249
    1697
    552
    698
    287
    411
    -
    -
    -
    8
    Степ­ной
    4110
    1304
    2806
    4229
    1112
    3117
    1313
    250
    1063
    -
    -
    -
    9
    Шәм­ші Қал­да­я­қов ауы­лы
    2649
    1062
    1587
    3061
    1379
    1682
    144
    62
    82
    -
    -
    -
    Бар­лы­ғы
    23188
    10631
    12557
    22207
    13816
    8391
    3460
    1132
    2328
    -
    -
    -

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    4-қосымша

    Төрт алқапты жайылым айналымдарының схемасы

    Жылдар
    Алқаптар нөмірі
    I
    II
    III
    IV
    1
    Көк­тем-күз
    Көк­тем
    Көк­тем-күз
    Күз
    2
    Көк­тем
    Көк­тем-күз
    Күз
    Көк­тем-күз
    3
    Көк­тем-күз
    Күз
    Көк­тем-күз
    Көк­тем
    4
    Күз
    Көк­тем-күз
    көк­тем
    Көк­тем-күз
    Жайылымдарды пайдалану бойынша күнтізбелік кестесі
    Пай­да­ла­ну цикл
    Пай­да­ла­ну цик­л­де­рі бой­ын­ша күн­тіз­бе­лік мер­зім­де­рі
    1
    5 ма­мыр – 10 мау­сым
    2
    10 мау­сым – 10 та­мыз
    3
    10 та­мыз – 10 қыр­күй­ек
    4
    10 қыр­күй­ек – 10 қа­зан

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    5-қосымша

    Ауыл, ауылдық округ кескінінде ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша табын, отарлар саны

    № р/н
    Округатауы
    Табындар, отарлар саны
    ІҚМ
    ҰММ
    1
    Әлім­бет
    6
    2
    2
    Ащы­лы­сай
    10
    3
    3
    Ба­дам­ша
    3
    1
    4
    Ве­ли­хов
    3
    2
    5
    Жел­тау
    3
    2
    6
    Кем­пір­сай
    5
    3
    7
    Қос-Естек
    7
    2
    8
    Степ­ной
    4
    5
    9
    Шәм­ші Қал­да­я­қов ауы­лы
    5
    3
    Бар­лы­ғы:
    46
    23

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    6-қосымша

    Қарғалы ауданының аумағындағы ветеринариялық-санитарлық объектілері

    № р/н
    Округ ата­уы
    Бор­да­қы­лау ала­ңы
    Жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру пунк­ті
    Мал қо­рым­да­ры
    Сі­бір жа­ра­сы кө­мін­ді­ле­рі
    Ве­те­ри­на­ри­я­лық пунк­тер
    1
    Әлім­бет
    -
    -
    1
    3
    1
    2
    Ащы­лы­сай
    -
    -
    1
    -
    1
    3
    Ба­дам­ша
    1
    -
    1
    1
    1
    4
    Ве­ли­хов
    -
    -
    -
    -
    1
    5
    Жел­тау
    -
    -
    1
    1
    1
    6
    Кем­пір­сай
    -
    -
    1
    1
    1
    7
    Қос-Естек
    -
    -
    1
    2
    1
    8
    Степ­ной
    -
    -
    -
    -
    1
    9
    Шәм­ші Қал­да­я­қов ауы­лы
    -
    -
    1
    -
    1
    Бар­лы­ғы:
    1
    7
    8
    9

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    7-қосымша

    Ауыл, ауылдық округтерді жайылымдармен қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылық иелерінің ауыл шаруашылығы мал басының саны туралы деректер

    Қала, ауыл атауы
    Жайылым алаңы, нақты, га
    Жайылымалаң, қажеттілік, га
    Мал басы
    1 малбасына жүктеме
    Жай­ы­лым­ның же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, га. +/-
    ІҚМ
    ҰММ
    Жыл­қы
    Түйе
    ІҚМ
    ҰММ
    Жыл­қы
    Түйе
    Әлім­бет
    17 327
    10 575,7
    788
    1597
    114
    -
    8.5
    1,7
    10,2
    11,9
    +6 751,3
    Ащы­лы­сай
    5 490
    17 462,4
    1728
    1230
    67
    -
    8.5
    1,7
    10,2
    11,9
    -11 972,4
    Ба­дам­ша
    2 107
    18 755,1
    1546
    2455
    187
    -
    8.5
    1,7
    10,2
    11,9
    -16 648,1
    Ве­ли­хов
    32 287
    5 639
    501
    879
    49
    -
    8.5
    1,7
    10,2
    11,9
    +26 648
    Жел­тау
    25 143
    17 006,8
    1500
    2072
    72
    -
    8.5
    1,7
    10,2
    11,9
    +8 136,2
    Кем­пір­сай
    29 394
    7 809,8
    587
    1395
    44
    -
    8.5
    1,7
    10,2
    11,9
    + 1 714.9
    Қос-Естек
    34 238
    19 539,8
    1615
    1697
    287
    -
    8.5
    1,7
    10,2
    11,9
    +14 698,2
    Степ­ной
    25 925
    15 614,4
    1304
    1112
    250
    -
    8.5
    1,7
    10,2
    11,9
    +10 310,6
    Шәм­ші Қал­да­я­қов ауы­лы
    15 567
    12 003,7
    1062
    1379
    62
    -
    8.5
    1,7
    10,2
    11,9
    +3 563,3
    Бар­лы­ғы
    187 478
    124 406,7
    10 631
    13 816
    1 132
    -
    8.5
    1,7
    10,2
    11,9
    +43 202

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    8-қосымша

    Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері

    Та­би­ғи азық­тық ал­қап­тар­дың жік­те­ме­сі бой­ын­ша және тү­сі­нік­сөз бой­ын­ша шифр­лар, кү­ні
    Кон­тур­лар мен си­патта­ма­лар нө­мі­рі (жақ­ша ішін­де)
    Та­би­ғи азық­тық ал­қап­тар тип­те­рі­нің (ай­ыр­ма­ла­ры­ның, түр­лен­ді­ру­ле­рі­нің) жер бе­де­ріне то­пы­р­ақ­қа бай­ла­ны­сты­ры­л­ған ата­уы. Бас­қа жер­лер мен ал­қап­тар­дың ата­уы
    Ал­қап тү­рі
    Кон­тур­да­ғы пай­ы­здық қа­ты­нас
    Ала­ңы, мың гек­тар
    За­ма­на­уи пай­да­ла­ны­луы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Әлім­бет
    31,67, 69,109,126.
    Оң­тү­стік да­мы­ма­ған ауыр саз­дақ­тар­дың қа­ра то­пы­рақ­та­рын­да­ғы қа­уыр­сын­ды-нит­роз­ды-жу­сан­ды-тип­ті (Лес­синг қа­уыр­сын­ды шө­бі, нит­роз­ды жу­сан, бо­роз­ды бе­те­ге).
    Жа­зық жай­ы­лым­дар мен ша­бын­дық­тар
    Се­ле­улі –бе­те­ге­лі – 80%
    Әр­түр­лі шө­птер –20%
    82,3
    Жыл бойы
    Ащы­лы­сай
    3,31, 78
    Аб­со­лют­ті би­ік­ті­гі 240-440 м Оң­тү­стік кар­бо­нат­ты саз­ды чер­но­зе­ма­лар­дың Увал­ды-тол­қын­ды-жа­зық ауда­ны.
    Жа­зық жай­ы­лым­дар мен ша­бын­дық­тар
    Се­ле­улі –бе­те­ге­лі – 70%
    Әр­түр­лі шө­птер –30%
    33,4
    Жыл бойы
    Ба­дам­ша
    9,10,41
    Ро­ман­көл кен­тіне ір­ге­лес сор­таң­да­ры бар учас­ке­лер­ді қо­с­па­ған­да, қа­ра-каш­тан кар­бо­нат­ты то­пы­рақ­та­ры­ның егі­стікке жа­рам­ды мас­си­ві.
    Жа­зық жай­ы­лым­дар мен ша­бын­дық­тар
    Се­ле­улі –бе­те­ге­лі – 60%
    Әр­түр­лі шө­птер –40%
    18,4
    Жыл бойы
    Ве­ли­хов
    31,32,45, 49
    Аумақ­тың жал­пы ре­лье­фі жа­зық-жот­а­лы-жот­а­лы және ұсақ шоқ­ты. Кең үй­ін­ді­лер мен шо­қы­лар тіз­бек­те­рі әдет­те ме­ри­ди­ан­дық ба­ғыт­та со­зы­ла­ды, бұл өте жиі бұ­зы­ла­ды және ре­льеф же­ке тө­бе­лер мен шо­қы­лар­дың си­па­ты­на ие бо­ла­ды.
    Жа­зық жай­ы­лым­дар мен ша­бын­дық­тар
    Се­ле­улі –бе­те­ге­лі – 70%
    Әр­түр­лі шө­птер –30%
    45,1
    Жыл бойы
    Жел­тау
    6,28,30,35,56,90
    Тө­бе­шік ре­льеф си­паттал­ған аумақ­та ең көп та­рал­ған ре­льеф тү­рі бо­лып та­бы­ла­ды: ар­қа­лық­тар мен сай­лар­дың қат­ты ке­сі­лу­і­мен си­патта­ла­ды.
    Жа­зық жай­ы­лым­дар мен ша­бын­дық­тар
    Се­ле­улі –бе­те­ге­лі – 70%
    Әр­түр­лі шө­птер –30%
    59,3
    Жыл бойы
    Кем­пір­сай
    8,10,12
    Аб­со­лют­ті би­ік­ті­гі 240-440 м Оң­тү­стік кар­бо­нат­ты саз­ды чер­но­зе­ма­лар­дың Увал­ды-тол­қын­ды-жа­зық ауда­ны.
    Жа­зық жай­ы­лым­дар мен ша­бын­дық­тар
    Се­ле­улі –бе­те­ге­лі – 70%
    Әр­түр­лі шө­птер –30%
    78,9
    Жыл бойы
    Қос-Естек
    6,9,12,13,22,36,44,64,
    70,129,147,149,153,177
    Округ ау­ма­ғы­ның жал­пы ре­лье­фі ұсақ шоқ­ты және жа­зық-увал­ды-жот­а­лы.
    Жа­зық жай­ы­лым­дар мен ша­бын­дық­тар
    Се­ле­улі –бе­те­ге­лі – 70%
    Әр­түр­лі шө­птер –30%
    72,0
    Жыл бойы
    Степ­ной
    14,25,27,60,80
    Ауыл­дық округ­тің ау­ма­ғы жер бе­де­рі­нің алу­ан түр­лі­лі­гі­мен және ке­шен­ді­лі­гі­мен си­патта­ла­ды.
    Жа­зық жай­ы­лым­дар мен ша­бын­дық­тар
    Се­ле­улі –бе­те­ге­лі – 70%
    Әр­түр­лі шө­птер –30%
    70,0
    Жыл бойы
    Шәм­ші Қал­да­я­қов ауы­лы
    6,28,30,35,56,90
    Тө­бе­шік ре­льеф си­паттал­ған аумақ­та ең көп та­рал­ған ре­льеф тү­рі бо­лып та­бы­ла­ды: ар­қа­лық­тар мен сай­лар­дың қат­ты ке­сі­лу­і­мен си­патта­ла­ды.
    Жа­зық жай­ы­лым­дар мен ша­бын­дық­тар
    Се­ле­улі –бе­те­ге­лі – 70%
    Әр­түр­лі шө­птер –30%
    36,9
    Жыл бойы
    Кестенің жалғасы
    Жалпы түсімділік, гектарына центнерден (зерттеп-қарау жылы)
    Орташа жыл ішінде желінетін өсімдіктердің түсімділігі: құрғақ массаның гектарына центнерден, азық бірлігінің гектарына центнерден, қорытылатын протеиннің гектарына килограмм
    маусымдар бойынша жайылымдық азық
    ша­бын­дық
    ша­бы­ла­тын жай­ы­лым
    көк­тем
    жаз
    күз
    қыс
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    13,2
    -
    -
    8,1
    9,8
    7,4
    6,2
    15,0
    -
    -
    6,7
    9,2
    8,6
    7,2
    8,5
    -
    -
    4,3
    5,5
    5,4
    4,6
    15,0
    -
    -
    7,5
    10,5
    9,1
    7,4
    13,0
    -
    -
    7,9
    10,0
    11,1
    9,0
    11,7
    -
    -
    5,0
    7,2
    7,7
    5,8
    14,1
    -
    -
    6,2
    7,9
    6,8
    6,2
    13,8
    -
    -
    5,2
    7,6
    6,7
    4,9
    13,0
    -
    -
    7,9
    10,0
    11,1
    9,0
    Кестенің жалғасы
    Кон­тур бой­ын­ша есеп­тел­ген тү­сім­ді­лік: құр­ғақ мас­са­ның гек­та­ры­на цент­нер­ден (алы­мы), азық бір­лі­гі­нің гек­та­ры­на цент­нер­ден (бөл­гіш)
    Кон­тур бой­ын­ша азық қо­ры құр­ғақ мас­са­ның гек­та­ры­на цент­нер­ден (алы­мы), азық бір­лі­гі­нің гек­та­ры­на цент­нер­ден (бөл­гіш)
    Да­қыл­дық-тех­ни­ка­лық жай-күй, дә­рі­лік өсім­дік­тер­дің бар-жо­ғы
    Пай­да­ла­ну бой­ын­ша ұсы­ны­стар, мал­дың тү­рі. Жақ­сар­ту жө­нін­де ұсы­ны­л­ған ша­ра­лар
    15
    16
    17
    18
    6,8
    301207
    618260
    301207
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    Ұсақ және ірі қа­ра мал және жыл­қы үшін
    учас­ке­лер­ді ауы­сты­рып қол­дау
    6,5
    114926
    219009
    114926
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    Ұсақ және ірі қа­ра мал және жыл­қы үшін
    учас­ке­лер­ді ауы­сты­рып қол­дау
    8,2
    41149
    81411
    41149
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    Ұсақ және ірі қа­ра мал және жыл­қы үшін
    учас­ке­лер­ді ауы­сты­рып қол­дау
    6,9
    147039
    270401
    147039
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    Ұсақ және ірі қа­ра мал және жыл­қы үшін
    учас­ке­лер­ді ауы­сты­рып қол­дау
    10,8
    221435
    403927
    221435
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    Ұсақ және ірі қа­ра мал және жыл­қы үшін
    учас­ке­лер­ді ауы­сты­рып қол­дау
    8,9
    165849
    322290
    165849
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    Ұсақ және ірі қа­ра мал және жыл­қы үшін
    учас­ке­лер­ді ауы­сты­рып қол­дау
    10,6
    211754
    393247
    211754
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    Ұсақ және ірі қа­ра мал және жыл­қы үшін
    учас­ке­лер­ді ауы­сты­рып қол­дау
    9,2
    174994
    307208
    174994
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    Ұсақ және ірі қа­ра мал және жыл­қы үшін
    учас­ке­лер­ді ауы­сты­рып қол­дау
    10,8
    221435
    403927
    221435
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    Ұсақ және ірі қа­ра мал және жыл­қы үшін
    учас­ке­лер­ді ауы­сты­рып қол­дау

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    9-қосымша

    Қарғалы ауданы жер учаскелерінің меншік иелері, жайлымдардың орналасу және жайлымдардың, оның ішінде маусымдық жайлымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аландары, жайлымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    10-қосымша

    Қарғалы ауданы жайлым айналымдарының қолайлы схемалары және пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

    Қарғалы ауданы бойынша

    2025-2029 жылдарға арналған

    жайылымдарды басқару және

    оларды пайдалану жөніндегі жоспарға

    11-қосымша

    Қарғалы ауданы жайлымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайлымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайлымдарға ауыстыру схемасы және жайлымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.