Ақсуат ауылындағы атауы жоқ көшелерге атауларын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Абай облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі қортындысына және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:
1. Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне - «Хамет Доянбаев», «Байғали Бұтабаев», «Жүнісбек Сүлейменов» атаулары берілсін.
2. «Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ақсуат ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауылдық округінің әкімі
Т. Рахымжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.