Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қазан 2025 ж.

    Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6559-09 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

    7- тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

    «8) Республика күні - 25 қазан:

    амбулаторлық емделудегі туберкулезбен ауыратын адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;

    бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан оң сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар - 15 (он бес) мың теңге;».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    А.Ломакин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.