Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 мамыр 2026 ж.

    Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау туралы

    «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 62-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналар:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесі;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары жетістіктер спорты түрлерін бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру қағидалары айқындалсын.

    2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министірінің міндетін атқарушы

    С. Жарасбаев

    бұйрыққа 1-қосымша

    Жоғары жетістіктер спорт түрлерінің тізбесі

    Спорт түр­ле­рі
    Ха­лы­қа­ра­лық фе­де­ра­ци­я­ла­ры
    Олим­пи­а­да­лық
    Па­ра­лим­пи­а­да­лық
    Сурдлим­пи­а­да­лық
    Азия және Па­ра­азия ой­ын­да­ры­ның бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на ен­ген спорт түр­ле­рі
    Ұлт­тық спорт түр­ле­рі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    Жаз­ғы спорт түр­ле­рі
    1
    Ат спор­ты
    International Equestrian Federation (FEI)
    Ат спор­ты
    Па­ра ат спор­ты
    2
    Ату спорт түр­ле­рі
    International Shooting Sport Federation (ISSF)
    Ны­са­на көз­деу
    Па­ра ны­са­на көз­деу
    Стенд ату
    3
    Ауыр ат­ле­ти­ка
    International Weightlifting Federation (IWF)
    Ауыр ат­ле­ти­ка
    4
    Бад­мин­тон
    Badminton World Federation (BWF)
    Бад­мин­тон
    Бад­мин­тон
    5
    Бокс
    World Boxing
    Бокс
    6
    Бас­кет­бол
    Federation International de Basketball (FIBA)
    Бас­кет­бол
    Бас­кет­бол 3х3
    7
    Боч­ча
    World Boccia
    Боч­ча
    8
    Ве­ло­си­пед­тік спорт түр­ле­рі
    Union Cycliste Internationale (UCI)
    Ве­ло­си­пед спор­ты (тас жол)
    Па­ра ве­ло­спорт (тас жол, трек)
    Ве­ло­трек
    Маун­тин­байк
    Ве­ло­си­пед­тік мо­то­кросс (BMX)
    9
    Во­лей­бол
    International Volleyball Federation (FIVB)
    Клас­си­ка­лық во­лей­бол
    Во­лей­бол­ды оты­рып ой­нау
    Жа­ға­жай во­лей­бол
    10
    Гим­на­сти­ка спорт түр­ле­рі
    International Gymnastics Federation (FIG)
    Ба­тут­тық гим­на­сти­ка
    Спорт­тық гим­на­сти­ка
    Көр­кем гим­на­сти­ка
    11
    Гол­бол
    International Blind Sport Federation (IBSA)
    Гол­бол
    12
    Гольф
    International Golf Federation (IGF)
    Гольф
    13
    Дзю­до
    International Judo Federation (IJF)
    Дзю­до
    Па­ра дзю­до
    Дзю­до
    14
    Есу спорт түр­ле­рі
    World Rowing
    Fédération Internationale des Sociétés d'Aviron (FISA)
    Ака­де­ми­я­лық есу
    Па­ра есу
    International Canoe Federation (ICF)
    Бай­дар­ка мен ка­но­эде есу
    Па­ра ка­ноэ
    Есу сла­ло­мы
    15
    Жел­кен­ді қай­ық спор­ты
    World Sailing (WS)
    Жел­кен­ді қай­ық спор­ты
    16
    Же­ңіл ат­ле­ти­ка
    World Athletics (WATH), International Association of Athletics Federations (IAAF)
    Же­ңіл ат­ле­ти­ка
    Па­ра же­ңіл ат­ле­ти­ка
    Же­ңіл ат­ле­ти­ка
    17
    Кө­гал­да­ғы хок­кей
    International Hockey Federation (FIH)
    Кө­гал­да­ғы хок­кей
    18
    Кү­рес түр­ле­рі
    United World Wrestling (UWW)
    Ер­кін кү­рес
    Ер­кін кү­рес
    Грек-рим кү­ре­сі
    Грек-рим кү­ре­сі
    Әй­ел­дер кү­ре­сі
    19
    Қа­зір­гі бес­сай­ыс
    International Modern Pentathlon Union (UIPM)
    Қа­зір­гі бес­сай­ыс
    20
    Қол до­бы
    International Handball Federation (IHF)
    Қол до­бы
    21
    Па­ра пау­эр­лиф­тинг
    World Para Powerlifting
    Па­ра пау­эр­лиф­тинг
    22
    Рег­би
    World Rugby
    Рег­би 7
    23
    Са­дақ ату
    World Archery Federation (WA)
    Са­дақ ату
    Па­ра са­дақ ату
    24
    Сем­сер­ле­су
    Internationale Fencing Federation (FIE)
    Сем­сер­ле­су
    25
    Скейт­бор­динг
    World Skate (WS)
    Скейт­бор­динг
    26
    Спорт­тық құз­ға өр­ме­леу
    International Federation of Sport Climbing (IFSC)
    Спорт­тық құз­ға өр­ме­леу
    27
    Су спорт түр­ле­рі
    World Aquatics, Fédération Internationale de Natation (FINA)
    Әр­ті­стік жү­зу (үй­ле­сім­ді жү­зу)
    Су до­бы
    Жү­зу
    Па­ра жү­зу
    Жү­зу
    Су­ға се­кі­ру
    Ашық су­да жү­зу
    28
    Та­еквон­до
    World Taekwondo (WT)
    Та­еквон­до WT
    Па­ра та­еквон­до
    Та­еквон­до
    29
    Тен­нис
    International Tennis Federation (ITF)
    Тен­нис
    Ар­ба­да­ғы тен­нис
    30
    Три­ат­лон
    World Triathlon (WT)
    Три­ат­лон
    31
    Үстел тен­ни­сі
    International Table Tennis Federation (ITTF)
    Үстел тен­ни­сі
    Па­ра үстел тен­ни­сі
    Үстел тен­ни­сі
    32
    Фут­бол
    Fédération Internationale de Football Association (FIFA)
    Фут­бол
    Фут­бол 5х5
    Фут­бол
    Жа­ға­жай фут­бо­лы
    Assosiation Mundial de Futsal (AMF)
    Фут­зал
    Фут­зал
    Қы­сқы спорт түр­ле­рі
    33
    Би­ат­лон
    International Biathlon Union (IBU)
    Би­ат­лон
    Па­ра би­ат­лон
    34
    Кер­линг
    World Kurling (WC)
    Кер­линг
    Ар­ба­да­ғы кер­линг
    Кер­линг
    35
    Конь­ки спорт түр­ле­рі
    International Skating Union (ISU)
    Конь­ки­мен жү­гі­ру спор­ты
    Шорт-трек
    Конь­ки­мен мәнер­леп сыр­ға­нау
    36
    Ски-аль­пи­низм
    International Ski Mountaieering Federation (ISMF)
    Ски-аль­пи­низм
    37
    Шай­ба­лы хок­кей
    International Ice Hockey Federation (IIHF)
    Шай­ба­лы хок­кей
    Мұз­да­ғы па­ра хок­кей
    Шай­ба­лы хок­кей
    38
    Шаң­ғы спорт түр­ле­рі
    International Ski and Snowboard Federation (FIS)
    Тау шаң­ғы­сы спор­ты
    Шаң­ғы жа­ры­ста­ры
    Па­ра шаң­ғы жа­ры­ста­ры
    Шаң­ғы жа­ры­ста­ры
    Шаң­ғы қос­сай­ы­сы
    Шаң­ғы мен тұ­ғыр­дан се­кі­ру
    Сно­уборд
    Фри­стайл (ак­ро­ба­ти­ка, мо­гул)
    Азия және Па­ра­азия ой­ын­да­ры­ның бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на ен­ген спорт түр­ле­рі
    39
    Бел­беу кү­рес
    World Alysh Federation (WAF)
    International Belt Wrestling Association (IBWA)
    Бел­беу кү­рес (алыш)
    40
    Би спор­ты
    World dance sport federation (WDSF)
    Би спор­ты
    41
    Би­льярд
    International Piramid Confederation (IPC)
    Би­льярд
    42
    Бо­ди­бил­динг
    International Fitness and BodyBuilding Federation (IFBB)
    Бо­ди­бил­динг
    43
    Брей­кинг
    World dance sport federation (WDSF)
    Брей­кинг
    44
    Джиу-джит­су
    Ju-Jitsu International Federation (JJIF)
    Джиу-джит­су
    45
    Жа­уын­гер­лік жек­пе-жек­тің ара­лас түр­ле­рі (ММА)
    International Mixed Martial Arts federation (IMMAF)
    Жа­уын­гер­лік жек­пе-жек­тің ара­лас түр­ле­рі (ММА)
    46
    Ка­ратэ (WKF)
    World karate federation (WKF)
    Ка­ратэ
    Ка­ратэ (WKF)
    47
    Ки­бер­спорт
    International Esports Federation (IESF)
    Ки­бер­спорт
    48
    Кик­бок­синг
    World Association of Kickboxing Organizations (WAKO)
    Кик­бок­синг
    49
    Ку­раш
    International Kurash Association
    Ку­раш
    50
    Му­ай­тай
    International Federation of Muaythai Associations (IFMA)
    Му­ай­тай
    51
    Па­дел
    International Padel Federation
    Па­дел
    52
    Па­ра қол кү­ре­сі
    WAF world armrestling federation
    Па­ра қол кү­ре­сі
    53
    Пен­чак си­лат
    International Pencak Silat Federation (IPSF)
    Пен­чак си­лат
    54
    Сам­бо
    International Sambo Federation (FIAS)
    Спорт­тық сам­бо
    Жа­уын­гер­лік сам­бо
    Жа­ға­жай сам­бо
    55
    Ушу
    International Wushu Federation (IWUF)
    Ушу (са­нь­да, та­о­лу)
    56
    Шах­мат
    Federation Internationale des Echecs (FIDE), The International Chess Committee of the Deaf
    Шах­мат
    Шах­мат, шах­мат (па­ра­лим­пи­а­да­лық емес)
    Ұлт­тық спорт түр­ле­рі
    57
    Ауда­ры­спақ
    «World Federation of Horseback Wrestling» ЗТБ
    Ауда­ры­спақ
    58
    Асық ату
    «Кө­шпен­ді­лер­дің Асық спор­ты ха­лы­қа­ра­лық фе­де­ра­ци­я­сы» ЗТБ
    Асық ату
    59
    Бәй­ге
    -
    Бәй­ге
    60
    Дәс­түр­лі са­дақ ату
    «World Tradicional Archery federation»
    Дәс­түр­лі са­дақ ату
    61
    Жам­бы ату
    «International horseback archery alliance» (IHAA)
    Жам­бы ату
    62
    Жек­пе-жек
    -
    Жек­пе-жек
    63
    Көк­пар
    «Ха­лы­қа­ра­лық жап­пай көк­пар фе­де­ра­ци­я­сы» ЗТБ
    Жап­пай көк­пар
    «Бү­кі­л­әлем­дік көк­пар қа­уым­да­стығы» ЗТБ
    Көк­пар
    64
    Қа­зақ кү­ре­сі
    «QAZAQ KURESI» қа­уым­да­стық ны­сан­да­ғы ЗТБ
    Қа­зақ кү­ре­сі
    65
    Құ­с­бе­гі­лік
    «INTERNATIONAL QUSBEGILIK FEDERATION»
    Құ­с­бе­гі­лік
    66
    Тең­ге ілу
    «Ха­лы­қа­ра­лық тең­ге ілу ат спорт фе­де­ра­ци­я­сы» қа­уым­да­стық ны­сан­да­ғы ЗТБ
    Тең­ге ілу
    67
    То­ғыз­құ­ма­лақ
    «Дү­ни­е­жү­зі­лік то­ғыз­құ­ма­лақ фе­де­ра­ци­я­сы» ЗТБ
    То­ғыз­құ­ма­лақ, то­ғыз­құ­ма­лақ (па­ра­лим­пи­а­да­лық емес)
    Ескертпе:
    аббревиатуралардың толық жазылуы:     
    1. ММА – Миксд Мартиал Артс (Мixed Martial Arts);
    2. WKF – Уолд каратэ Федерейшн (World Karate Federation);
    3. WT – Уолд таеквондо (World Taekwondo);
    4. BMX – Байкл мотокросс (Bicycle Motocross).

    бұйрығына 2-қосымша

    Жоғары жетістіктер спорты түрлерін бюджет қаражатынан қаржыландыру қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Жоғары жетістіктер спорты түрлерін бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 62-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бюджеттік қаражат есебінен жоғары жетістіктер спорты түрлерін қаржыландыру тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым қолданылады:

    жоғары жетістіктер спорты – Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азия, Параазиялық ойындардың бағдарламаларына енгізілген ұлттық спорт түрлері мен спорт түрлері.

    3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы үшін жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін айқындайды.

    4. Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесі жазғы және қысқы Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың, Азиялық (жазғы және қысқы Азия ойындары, жабық жекпе-жек өнері бойынша Азия ойындары, Азия жағажай ойындары), Параазиада ойындарының (жазғы және қысқы) нәтижелері бойынша қайта қаралады.

    5. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын жұмсау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығымен (бұдан әрі – № 100 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20488 болып тіркелген) бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша жұмсау қағидаларының 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

    2-тарау. Жоғары жетістіктер спорты түрлерін бюджет қаражатынан қаржыландыру тәртібі

    6. Жоғары жетістіктер спорты түрлерін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

    Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына сәйкес бюджеттік сұранымды жасайды және ұсынады.

    7. Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарын республикалық бюджеттен қаржыландыруды осы Қағидалардың 15-тармағының 1) - 25) тармақшаларына сәйкес Тізбеге енгізілген спорт түрлерін дамытуға арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

    8. Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарын жергілікті бюджеттен қаржыландыруды осы Қағидалардың 15–тармағының 1) - 22) тармақшаларына және 26) тармақшасына сәйкес Тізбеге енгізілген спорт түрлерін дамытуға арналған жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

    9. Жоғары жетістіктер спортына жататын спорттың ойын түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубтары Заңның 7-бабының 65-12) тармақшасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін спорттың ойын түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубтарын ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттеріне сәйкес қаржыландырылады.

    10. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган жоғары жетістіктер спорты түрлері бойынша шығыстар лимиттерін ескере отырып:

    1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және (немесе) штаттық ұлттық командалары мүшелерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың командаларының дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қабылданған құрама командалар мен спортшылардың ағымдағы күнтізбелік жылы халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы жөніндегі басым міндеттерін;

    2) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін айқындайды.

    11. Уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган бюджет қаражаты есебінен жоғары жетістіктер спорт түрлерін қаржыландыру мақсатында спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

    Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы дене шынықтыру-спорт ұйымдары жүргізетін бюджет қаражаты есебінен жоғары жетістіктер спорт түрлерін қаржыландыру уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган бекітетін мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

    12. Қаржыландыру ай сайын мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

    13. Жоғары жетістіктер спорты түрлерін бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру келесіні көздейді:

    1) спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес спорттық резервті және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асыру;

    2) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және (немесе) штаттық ұлттық командаларының мүшелерін Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде халықаралық спорттық жарыстарға дайындауды және қатысу;

    3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларын даярлау және олардың жоғары жетістіктер спорты түрлері бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысу;

    4) спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың құрама командаларын даярлау және олардың облыстық спорттық жарыстарда өнер көрсету;

    5) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп республикалық және халықаралық спорт жарыстарын «Жарыс түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының және олардың сыныптамаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына (бұдан әрі – № 179 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11437 болып тіркелген) сәйкес өткізеді;

    6) № 179 бұйрыққа сәйкес аккредиттелген ұлттық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарын өткізу;

    7) № 179 бұйрыққа сәйкес аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың спорттық жарыстарын өткізу;

    8) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесіп өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қатысу;

    9) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және (немесе) штаттық ұлттық командаларының құрамына кірген спортшыларды қамту;

    10) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;

    11) республикалық спорт нысандарын салу, қайта құру және күрделі жөндеу.

    14. Жоғары жетістіктер спорты түрлерін қаржыландыруға көзделген бюджет қаражатын қайта бөлу Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 98-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

    15. Жоғары жетістіктер спорты түрлерін қаржыландыру мынадай шығыстарды көздейді:

    1) Спортшылардың тамақтануы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығымен (бұдан әрі – № 107 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10005 болып тіркелген) бекітілген Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтері әдістемесі негізінде айқындау;

    2) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстарды жем-азығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9992 болып тіркелген) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері негізінде айқындалады;

    3) медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету;

    4) № 107 бұйрыққа сәйкес фармакологиялық қамтамасыз ету;

    5) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына және 120-бабының 1-тармағына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды және жаттықтырушыларды дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормалар негізінде спорттық құрал-жабдықтарды, спорттық жабдықтар мен спорттық экипировканы сатып алу;

    6) тұрғын үй-жайларды жалдау, тәуліктік, спорттық іс-шаралар өтетін жерге дейін және кері жол жүру. Спорттық іс-шараны және оқу-жаттығу жиынын өткізу кезінде қатысушылардың нақты тұратын жері бойынша тұру және тамақтану үшін ақы төлеуге жол беріледі;

    7) жанар-жағармай материалдарын сатып алу;

    8) спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларға қатысушыларды материалдық қамтамасыз етуге байланысты шығындар;

    9) визалық қызметтерге, багажды тасымалдау және трансфері құнына ақы төлеу;

    10) полиграфиялық және кәдесыйлық өнімдерді дайындау және сатып алу;

    11) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті ақтарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15562 болып тіркелген) сәйкес марапаттау және сыйлықтарды табыстау рәсімі;

    12) спорттық іс-шараларды өткізу орнын, музыкалық және жарық жабдықтарын, құрал-жабдықтар мен басқа да көмекші құралдарды жалға алу;

    13) көліктік, пошта-телеграфтық, типографиялық және ақпараттық шығындар;

    14) спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тартылған қызметкерлердің еңбегіне, тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың (оның ішінде медициналық) қызметтеріне ақы төлеу;

    15) спорттық жарыстарға қызмет көрсеткені үшін спорт төрешілерінің қызметтеріне ақы төлеу;

    16) спорттық мүкәммалды сәйкестендіру және баптау бойынша қызметтер;

    17) спорт делегацияларына қызмет көрсету және оларды қабылдау, тұрғын үй-жайларды жалдау және ұйымдастырылған тамақтандыру;

    18) өткізу орындарын дайындаумен және ағымдағы күтіп ұстаумен, спорттық іс-шараларды ұйымдастырумен байланысты қызметтерге, оның ішінде заңды және жеке тұлғалар ақылы негізде көрсететін қызметтерге ақы төлеу;

    19) спорт түрінің немесе спорттық іс-шараның ерекшелігін негізге ала отырып, спорттық іс-шараларды өткізу үшін қажетті материалдық қорларды сатып алу;

    20) спорттық іс-шараларға қатысу бойынша бастапқы және ұйымдастыру жарналарын төлеуге, бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбелерде спорттық іс-шараларды тіркеуге байланысты шығыстар;

    21) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және (немесе) штаттық ұлттық командаларын, спорттық іс-шараларға қатысу үшін спорттық іс-шараларға қатысушыларды және спорттық жарысқа қызмет көрсету үшін қажетті мамандарды іссапарға жіберу;

    22) № 100 бұйрыққа сәйкес бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны алып жүру шығындарын өтеу;

    23) «Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9677 болып тіркелген) сәйкес спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақы төлеу;

    24) «Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32990 болып тіркелген) сәйкес ақшалай көтермелеулерді төлеу;

    25) «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігу кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9672 болып тіркелген) сәйкес өтемақы төлемдерін төлеу;

    26) Заңның 7-бабының 65-16) тармақшасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылу төлемдерін төлеу.

    16. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдары шартта белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы туралы ай сайынғы есепті қоса бере отырып көрсетілген қызметтер актісін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы бойынша қорытынды есепті уәкілетті органға және (немесе) жергілікті атқарушы органға ұсынады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.