Жаңақала ауданы әкімдігінің «Жаңақала ауданы бойынша ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № 287 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қазан 2025 ж.

    Жаңақала ауданы әкімдігінің «Жаңақала ауданы бойынша ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № 287 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жаңақала ауданы әкімдігінің «Жаңақала ауданы бойынша ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № 287 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2021 жылы 15 желтоқсанда № 161400 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Көшкінбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.