«Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 қыркүйек 2025 ж.

    «Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10494 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

    бұйрықтың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:

    «Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 242) тармақшасына сәйкес,- БҰЙЫРАМЫН:»;

    Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі бекітілсін.»;

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

    Е. Нысанбаев

    КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    бұйрыққа қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2015 жылғы 16 ақпандағы

    № 18-03/106 бұйрығымен

    бекітілген

    Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі

    Жа­ну­ар­лар­дың түр­ле­рі
    1
    2
    Сүт қо­рек­ті­лер
    1
    Жа­нат тә­р­із­ді ит
    2
    Қар­сақ
    3
    Түл­кі
    4
    Қо­ңыр аю (Тянь-Шань аюы­нан бас­қа­сы)
    5
    Жа­нат
    6
    Бұл­ғын
    7
    Құ­ну
    8
    Сар­ғыш кү­зен
    9
    Ақ қа­лақ
    10
    Ақ­кіс
    11
    Са­ры кү­зен
    12
    Са­сық кү­зен
    13
    Аме­ри­ка су кү­зе­ні
    14
    Бор­сық
    15
    Кәм­шат (ор­та­а­зи­я­лық­тан бас­қа­сы)
    16
    Сі­ле­усін (түр­кі­стан­дық­тан бас­қа­сы)
    17
    Қа­бан
    18
    Құ­дыр
    19
    Өзен құн­ды­зы
    20
    Сі­бір елі­гі
    21
    Ма­рал
    22
    Ас­ка­ния бұ­ғы­сы
    23
    Бұ­лан
    24
    Ки­ік
    25
    Сі­бір тау еш­кі­сі
    26
    Кә­дім­гі ти­ін
    27
    Зор­ман
    28
    Бай­бақ неме­се да­ла суы­ры
    29
    Сұр суыр неме­се ал­тай-тянь-шань суы­ры
    30
    Ұзын құй­рық­ты неме­се қы­зыл суыр
    31
    Он­дат­ра неме­се су тыш­қан
    32
    Құм қо­ян
    33
    Ор қо­ян
    34
    Ақ қо­ян
    35
    Қас­қыр
    Құ­стар:
    1
    Қы­зыл жем­са­у­лы га­га­ра
    2
    Қа­ра жем­са­у­лы га­га­ра
    3
    Сұр қаз
    4
    Ақ­маң­дай­лы қаз
    5
    Қыр­ман­қаз
    6
    Отүй­рек
    7
    Са­ры­а­ла­қаз
    8
    Ба­рыл­да­уық
    9
    Ысыл­дақ шү­ре­гей
    10
    Қы­рыл­дақ шү­ре­гей
    11
    Боз үй­рек
    12
    Са­ры ай­дар үй­рек
    13
    Қыл­құй­рық
    14
    Да­у­рық­па шү­ре­гей
    15
    Жал­пақ тұм­сық
    16
    Қа­ра­ша­қаз
    17
    Қыз­ғыш
    18
    Көк сүң­гу­ір
    19
    Қы­зыл­бас сүң­гу­ір
    20
    Ай­дар­лы сүң­гу­ір
    21
    Ай­дар­сыз сүң­гу­ір
    22
    Ұш­қыр үй­рек
    23
    Су­сыл­дақ
    24
    Ай­дар­лы үй­рек
    25
    Қа­ра тұр­пан
    26
    Кі­ші бей­на­рық
    27
    Сек­пі­л­тес бей­на­рық
    28
    Бей­на­рық
    29
    Ақ­құр
    30
    Тунд­ра ақ­құ­ры
    31
    Құр
    32
    Са­ңы­рау құр
    33
    Сұр құр
    34
    Ги­ма­лай ұла­ры
    35
    Ке­кі­лік
    36
    Да­ла ші­лі
    37
    Шіл
    38
    Са­қал­ды шіл
    39
    Бө­дене
    40
    Қыр­ғауыл
    41
    Қас­қал­дақ
    42
    Дыр­кеп­тер
    43
    Түз­кеп­тер
    44
    Көк кеп­тер
    45
    Құз кеп­тер
    46
    Кә­дім­гі түр­кеп­тер
    47
    Үл­кен түр­кеп­тер
    48
    Кү­жір­кей
    49
    Ша­у­шал­шық
    50
    Та­у­құ­ді­рет
    51
    Ор­ман маң­қы­сы
    52
    Ауыл­дақ та­у­құ­ді­ре­ті
    53
    Тау маң­қы­сы
    54
    Маң­қы
    55
    Жыл­қы­шы
    56
    Үл­кен шал­шық­шы
    57
    Қас­қа шал­шық­шы
    58
    Үл­кен шыр­ға­лақ
    59
    Кі­ші шыр­ға­лақ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.