Тексеруді тағайындау, нәтижелері, ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама актілердің нысандарын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қазан 2025 ж.

    Тексеруді тағайындау, нәтижелері, ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама актілердің нысандарын бекіту туралы

    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналардың:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді тағайындау туралы актінің;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру нәтижелері туралы актінің;

    3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді ұзарту туралы актінің;

    4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді тоқтата тұру туралы актінің;

    5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді қайта бастау туралы актінің;

    6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актінің;

    7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 2 қазандағы

    № 436

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тексеру тағайындау актісі

    №___ 20____ жылғы «____»_________

    1. Бақылау және қадағалау органының атауы ________________________ ____________________________________________________________________ 2. Бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы _____________________________________________ _____________________________________________________________________ 3. Тексеру жүргізуге тартылған мамандар, кеңесшілер мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдардың лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 4. Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы, орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі және олардың орналасқан жері ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

    5. Тексеру түрі ________________________________________________________________

    6. Тексеру нысанасы ___________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

    7. Тексеру жүргізу мерзімі 20___жылғы «__» ____ дан 20___жылғы «__»_____ дейін

    8. Тексеру жүргізудің негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілер ____________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ 9. Тексерілетін кезең 20___жылғы «__» ____ дан 20___жылғы «__»________ дейін 10. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-6-бабымен қарастарылған бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері: бақылау және қадағалау субъектісі не оның уәкілетті өкілі тексеру жүргізу кезінде: 1) бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:

    тексеру жүргізудің жиілігі сақталмаған; Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімін ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілерінде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен; Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 39-2-бабы 7-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы өзіне қатысты бұрын сол бір мәселе бойынша және сол бір кезеңде тексеру жүргізілген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеру тағайындаған; жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарда, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жолданымдарда көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезеңге тексеру тағайындаған; тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған; тексеруді тағайындау туралы бір актіде бірнеше бақылау және қадағалау субъектісі көрсетілген; Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 39-7-бабының 2-тармағында белгіленген өрескел бұзушылықтар болған жағдайда тексеруге жібермеуге;

    2) егер тексеру нысанасына, сондай-ақ тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, құжаттар мен мәліметтерді ұсынбауға;

    3) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

    4) бақылау және қадағалау органының немесе бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектілерінің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;

    5) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының қызметіне кедергілер келтірмей, аудио -, фото- және бейнетехника көмегімен тіркеп-білгелеуге;

    6) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында тексеруге үшінші тұлғаларды қатысуға тартуға құқылы;

    бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізген кезде:

    1) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

    2) коммерциялық, салықтық не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

    3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

    4) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

    5) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

    6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

    7) бақылау және қадағалау объектісіне тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік ықпал ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

    8) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі тексерудің белгіленген мерзімдерінде бақылау және қадағалау объектісі орналасқан жерде болуға міндетті.

    11. Бақылау және қадағалау органының актіге қол қоюға уәкілетті лауазымды адамының қолы және бақылау және қадағалау органының мөрі ____ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ 12. Бақылау және қадағалау субъектісі басшысының не оның уәкілетті өкілінің актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолы ______________ _____________________________________________________________________ ______________ (алған күні)

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 2 қазандағы

    № 436

    Бұйрыққа 2-қосымша

    № ___ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру нәтижелері туралы актісі

    20___ жылғы «___» _________ ____________________ (күні) (жасалған орны)

    1. Бақылау және қадағалау органының атауы ________________________ ____________________________________________________________________

    2. Тексеруді тағайындау туралы актінің (болған кезде тексеру мерзімін ұзарту, тексеруді тоқтата тұру және тексеруді қайта бастау туралы актілердің) күні мен нөмірі ______________________________________________________ ____________________________________________________________________

    3. Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жері, бақылау және қадағалау субъектісінің тексеру жүргізу кезінде қатысқан өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы _______________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________

    4. Тексеру жүргізу кезеңі 20___жылғы «___» _____ дан 20___жылғы «__»_____ дейін

    5. Тексерудің түрі ________________________________________________

    6. Тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы мәліметтер:

    _____________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ 7. Тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартқану туралы жазба ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

    8. Тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандардың, консультанттардың және сарапшылардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы (қажет болған жағдайда) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 9. Бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы _______________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ ______________ (алған күні)

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 2 қазандағы

    № 436

    Бұйрыққа 3-қосымша

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді ұзарту туралы актісі

    №___ 20___ жылғы «___» _________

    1. Тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі

    20___ жылғы «___» _________ №___

    2. Ұзарту себебі ____________________________________________________ ______________________________________________________________________ (мынадай себептердің бірін көрсету: зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ жұмыстың едәуір көлеміне байланысты) ____________________________________________________________________

    3. Бақылау және қадағалау органының актіге қол қоюға уәкілетті адамының қолы және бақылау және қадағалау органының мөрі _____________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ 4. Бақылау және қадағалау субъектісі басшысының не оның уәкілетті өкілінің актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолы ____________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ______________ (алған күні)

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 2 қазандағы

    № 436

    Бұйрыққа 4-қосымша

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді тоқтата тұру туралы актісі

    №___ 20___ жылғы «___» _________

    1. Тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі 20___ жылғы «___» _________ №___ 2. Тоқтата тұру себебі ______________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 3. Бақылау және қадағалау органының актіге қол қоюға уәкілетті адамының қолы және бақылау және қадағалау органының мөрі ____________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________

    4. Бақылау және қадағалау субъектісі басшысының не оның уәкілетті өкілінің актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолы _____________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ______________ (алған күні)

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 2 қазандағы

    № 436

    Бұйрыққа 5-қосымша

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді қайта бастау туралы актісі

    №___ 20___ жылғы «___» _________

    1. Тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі 20___ жылғы «___»_________ №___ 2. Тексеруді қайта бастау күні 20___ жылғы «___»_________ бастап 3. Бақылау және қадағалау органының актіге қол қоюға уәкілетті адамының қолы және бақылау және қадағалау органының мөрі _____________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ 4. Бақылау және қадағалау субъектісі басшысының не оның уәкілетті өкілінің актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолы _____________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ______________ (алған күні)

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 2 қазандағы

    № 436

    Бұйрыққа 6-қосымша

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы № __ актісі

    20____ жылғы «___» __________________________ «___» сағат «___ минут толтыру орны

    1. Жедел ықпал ету шарасының түрі ________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 2. Бақылау және қадағалау органының атауы ________________________ ___________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3. Актіні ресімдеген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 4. Бақылау және қадағалау субъектісінің атауы, оның басшысының, бақылау және қадағалау субъектісінің актіні рәсімдеу кезінде қатысқан өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ оның лауазымы ____________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 5. Жедел ықпал ету шарасын қолданудың негізі ______________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 6. Жедел ықпал ету шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған жағдайда) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 7. Пломбалау туралы мәліметтер (күні мен уақыты, қауіпті өндірістік объектінің, қауіпті техникалық құрылғының немесе техникалық құрылғының атауы) 20___жылғы «____» __________ «____» сағат «____» минут пломба салынды ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 8. Бақылау және қадағалау органының актіні ресімдеген лауазымды адамының қолы ______________________________________________________ 9. Актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер (бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе оның уәкілетті адамының қолы және күні) ___________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 10. Пломбаның алынғаны туралы мәліметтер (алынған күні мен уақыты, себептері, лауазымы, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы мен бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы) _______________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 2 қазандағы

    № 436

    Бұйрыққа 7-қосымша

    №___ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама

    20___ жылғы «___» ________ ____________________ (күні) (жасалған орны)

    1. Бақылау және қадағалау органының атауы ________________________ ____________________________________________________________________

    2. Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның орналасқан жері, бақылау және қадағалау субъектісінің тексеру жүргізу кезінде қатысқан өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы ______________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ 3. Тексеру жүргізу кезеңі 20___жылғы «___» _____ дан 20___жылғы «__»_____ дейін

    4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, оның ішінде жедел ықпал ету шараларының талаптарының бұзушылықтары _____________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 5. Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынмдар мен нұсқаулар және оларды жою мерзімдері: ____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 6. Бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартқаны _________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ 7. Бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы ________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ______________ (алған күні)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.