«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 894 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 894 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12144 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтын 2) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.