«Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 қыркүйек 2025 ж.

    «Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14845 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 12-тармағына және « Мәдениет туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Дене шынықтыру және спорт туралы» және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және спортшылардың қатысуымен оқу-жаттығу жиындарын қоспағанда, спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық іс-шаралар) өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын қолдануды нақтылайды.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖАО ұйымдастырушылық комитеттерін (бұдан әрі - комитеттер) құрады, олар бұл іс-шараларды дайындау және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

    Комитет құрамына ІІО-ның және азаматтық қорғау органдарының өкілдері, бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы кіреді. Комитетті ЖАО-ның уәкілетті өкілі басқарады.».

    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат, туризм және спорт вице-министрлеріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі

    __________Е. Мырзабосынов

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    __________А. Балаева

    Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі

    __________Е. Саденов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.