«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қазан 2025 ж.

    «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

    2-тармақта:

    1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган –агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

    1-1) азық дайындауға теріс әсер ететін қалыптан тыс ауа райы жағдайлары – cол өңір мен жыл мезгілі үшін қалыпты немесе әдеттегі ауа райынан ауытқып кететін ауа райы жағдайлары (атмосфералық немесе топырақ құрғақшылығы, аңызақ, үсік шалу, көлемі 20 миллиметр (бұдан әрі – мм) және одан да ірі бұршақтың түсуі немесе 12 сағат ішінде және одан аз уақыт ішінде жауын-шашын мөлшері 50 мм және одан да көп қатты нөсерлі жаңбырдың болуы (сел жүру қаупі бар өңірлерде 12 сағат және одан аз уақыт ішінде 30 мм және одан көп нөсерлі жаңбыр));»;

    8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «8) аналық мал басы – табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген бас (ірі қара мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар – 13 айдан бастап, тауарлық жануарлар – 18 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша – 12 айдан бастап, жылқы шаруашылығы бойынша – 36 айдан бастап; шошқа шаруашылығы бойынша: тауарлы және асыл тұқымды – 8 айдан бастап, толықтыратын бас – 4 айдан бастап);»;

    мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «8-1) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;»;

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы Қағидалар өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші)), «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;

    17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «17. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік қуатты, тиісті инфрақұрылымның болуын айқындайтын, сондай-ақ арнайы комиссияның қорытындыларын субсидиялар алуға үміткер кәсіпорынның өндірістік қуаты мен инфрақұрылымына сәйкестігіне беруді және кері қайтарып алуды жүзеге асыратын арнайы комиссия құрады (бұдан әрі – қорытынды).

    Арнайы комиссия ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) құрылымдық бөлімшесінің, және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органының өкілдерінен, сондай-ақ келісу бойынша: «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық салалық одақтардың, қауымдастықтардың, республикалық палаталардың өкілдерінен қалыптастырылады.

    Арнайы комиссияның төрағасы болып ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы тағайындалады.

    Арнайы комиссияның құрамы арнайы комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмауды ескере отырып қалыптастырылады.

    Әрбір тауар өндірушіге арнайы комиссия айқындайтын кемінде 3 (үш) маман жіберіледі.

    Тексеріп-қарау тауар өндірушінің немесе оның сенімді адамының қатысуымен жүзеге асырылады.

    Кәсіпорынның өндірістік қуатын және инфрақұрылымды айқындау тауар өндірушінің ЖАО-ға (көрсетілетін қызметті берушіге) жазбаша хабарламасы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Қарау мерзімі тауар өндірушінің келісуі бойынша 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Қорытындының сканерленген көшірмесі мен мәліметтерін, сондай-ақ фото- және (немесе) бейнематериалдарды ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) қол қойылған қорытындыны арнайы комиссия ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде СМАЖ-ға енгізеді.

    18. Арнайы комиссия кәсіпорынның өндірістік қуаты және инфрақұрылымға сәйкестігін салыстырып тексеру құжаттамасының (техникалық және (немесе) құқық беруші) негізінде фото- және (немесе) бейнематериалдарды қоса бере отырып, үш жылда бір рет, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттар өзгерген кезде жүргізіледі.

    Арнайы комиссияға жыл сайын қорытынды алған тауар өндіруші қызметінің субсидиялаудың әр бір түрі бойынша өндірістік қуаты мен инфрақұрылымға сәйкестігіне мониторинг жүргізеді.

    Арнайы комиссия жыл сайын 1 наурызға дейінгі мерзімде оң қорытынды алған тауар өндірушілерге қызмет мониторингін жүргізу туралы хабарлама жібереді.

    Тауар өндіруші хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде ЖАО-ға (көрсетілетін қызметті берушіге) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ кәсіпорын инфрақұрылымының электрондық фото- және (немесе) бейнематериалдарын жібереді. Инфрақұрылымның фотосуреттерінде түсірілім жүргізілетін күндер болады, бұл ретте түсірілім тауар өндірушінің қызметіне мониторинг жүргізу туралы хабарламаны алған күннен ерте жүргізілмейді.

    Тауар өндірушінің қызметіне мониторинг тауар өндіруші ұсынған құжаттарды, фото- және (немесе) бейнематериалдарды ЖАО-ға (көрсетілетін қызметті беруші) тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    Қорытындыны қайтарып алуға мыналар негіз болып табылады:

    1) кәсіпорынның өндірістік қуаты мен инфрақұрылымының сәйкессіздігін анықтау;

    2) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды, фото- және (немесе) бейнематериалдарды белгіленген мерзімде ұсынбау;

    3) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды, фото- және (немесе) бейнематериалдарды ұсынудан бас тарту.

    Қорытындыны кері қайтарып алу үшін негіздер анықталған жағдайда, арнайы комиссия қорытындыны кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және тауар өндірушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің себептерін, сондай-ақ уақыты мен орнын (тәсілі) көрсете отырып, қорытындыны кері қайтарып алу туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды.

    Тыңдалым өткізу нәтижелері бойынша арнайы комиссия оң шешім қабылдайды не себептерін көрсете отырып, тауар өндірушіге қорытындыны кері қайтарып алу туралы хабарлама жібереді.

    Арнайы комиссияның шешімдеріне шағымдану сот тәртібімен жүргізіледі.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қағидалардың 16-тармағы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

    «16. Асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алуды, мал басын және (немесе) өнімді өткізуді растау СМАЖ-мен интеграцияланған электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) арқылы электрондық шот-фактуралармен жүзеге асырылады.

    Тауар өндіруші мал басын ЭШФ АЖ-ны пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден тікелей сатып алған кезде, сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісімен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан) расталады.».

    3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі

    министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы

    министрі

    2025 жылғы 3 қазандағы

    № 352

    бұйрығына қосымша

    Асыл тұқымды мал

    шаруашылығын дамытуды, мал

    шаруашылығының өнімділігін

    және өнім сапасын арттыруды

    субсидиялау қағидаларына

    1-қосымша

    Субсидиялау бағыттары мен нормативтерінің тізбесі

    Р/с №
    Суб­си­ди­я­лар түр­ле­рі
    Өл­шем бір­лі­гі
    1 бір­лік­ке ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге
    Ет­ті және ет­ті-сүт­ті мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Ет және ет-сүт ба­ғы­тын­да­ғы отан­дық асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    150 000
    2.
    Ірі қа­ра мал­дың асыл тұқым­ды ана­лық ба­сын са­тып алу:
    Са­тып алын­ған бас
    2.1
    Отан­дық
    150 000
    2.2
    Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығы ел­де­рі­нен, Укра­и­на­дан әке­лін­ген
    225 000
    2.3
    Ав­стра­ли­ядан, Сол­тү­стік және Оң­тү­стік Аме­ри­ка ел­де­рі­нен, Еуро­па ел­де­рі­нен әке­лін­ген
    300 000
    3.
    Ет ба­ғы­тын­да­ғы асыл тұқым­ды ірі қа­ра мал­дың тө­лін өсі­ру шы­ғын­да­рын ар­зан­да­ту
    Бас
    15 000
    4.
    Бор­да­қы­лау алаң­да­ры­на бор­да­қы­ла­у­ға неме­се ет өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на со­ю­ға өт­кі­зі­л­ген ірі қа­ра мал­дың ер­кек да­ра­ғы­ның (оның ішін­де сүт­ті неме­се сүт­ті-ет­ті ер­кек да­рақ­тар) құ­нын ар­зан­да­ту
    Ті­рі сал­мақ­тың ки­ло­гра­мы
    300
    5.
    Ірі қа­ра мал­ды сою­мен және етін ба­стап­қы өң­де­умен ай­на­лы­са­тын ет өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­ның сиыр етін өт­кі­зу құ­нын ар­зан­да­ту
    Са­ты­л­ған сиыр еті­нің ки­ло­гра­мы
    175
    Сүт­ті және сүт­ті-ет­ті мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Ірі қа­ра мал­дың асыл тұқым­ды ана­лық ба­сын са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    1.1
    Отан­дық
    200 000
    1.2
    Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығы ел­де­рі­нен, Укра­и­на­дан әке­лін­ген
    225 000
    1.3
    Ав­стра­ли­ядан, Сол­тү­стік және Оң­тү­стік Аме­ри­ка ел­де­рі­нен, Еуро­па ел­де­рі­нен әке­лін­ген
    400 000
    2.
    Сүт өн­ді­рі­сі­нің құ­нын ар­зан­да­ту
    Өт­кі­зі­л­ген неме­се өзі­нің өң­деу кә­сі­пор­ны­на неме­се цехы­на ор­ны ауы­сты­ры­л­ған ки­ло­грамм
    2.1
    600 ба­стан ба­ста­ла­тын ба­ғым­да­ғы сиыр­ла­ры бар ша­ру­а­шы­лық­тар
    45
    2.2
    400 ба­стан ба­ста­ла­тын ба­ғым­да­ғы сиыр­ла­ры бар ша­ру­а­шы­лық­тар
    30
    2.3
    Са­ны 50 ба­стан ба­ста­ла­тын ба­ғым­да­ғы сиыр­ла­ры бар ша­ру­а­шы­лық­тар
    20
    2.4
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­рі­стік ко­опе­ра­ти­ві
    Өң­деу кә­сі­пор­ны­на неме­се цехы­на өт­кі­зі­л­ген ки­ло­грамм
    20
    3.
    Ірі қа­ра мал эм­бри­он­да­ры­ның са­тып алу құ­нын ар­зан­да­ту
    Да­на
    80 000
    Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Асыл тұқым­дық ор­та­лық­тар­дың, асыл тұқым­ды жа­ну­ар­лар­дың ұры­ғы мен эм­бри­он­да­рын өт­кі­зу жөнiн­де­гi дис­три­бью­тер­лік ор­та­лық­тар­дың және ұрық­тан­ды­ру­шы-тех­ник­тер­дің та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­дің және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­те­рін­де­гі ірі қа­ра мал­дың ана­лық ба­сын қол­дан ұрық­тан­ды­ру бой­ын­ша көр­сет­кен қыз­мет­те­рі­нің құ­нын суб­си­ди­я­лау
    Ағым­да­ғы жы­лы ұрық­тан­ды­ры­л­ған бас
    5 000
    2.
    Сүт­ті/сүт­ті-ет­ті және ет­ті/ет­ті-сүт­ті ба­ғыт­тар­да­ғы асыл тұқым­ды бұ­қа­ның ұры­ғын са­тып алу
    Са­тып алын­ған до­за
    2.1
    бір жы­ны­сты
    10 000
    2.2
    екі жы­ны­сты
    5 000
    Ет­ті құс ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Ата-ене­лік/ата-тек­тік ны­сан­да­ғы асыл тұқым­ды тәу­лік­тік ба­ла­пан­дар­ды са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    600
    2.
    Та­уық етін өн­ді­ру құ­нын тө­мен­де­ту
    Өт­кі­зі­л­ген неме­се өзі­нің өң­деу кә­сі­пор­ны­на неме­се цехы­на ор­ны ауы­сты­ры­л­ған ки­ло­грамм
    2.1
    15 000 тон­на­дан ба­ста­ла­тын нақ­ты өн­ді­ріс
    80
    2.2
    10 000 тон­на­дан ба­ста­ла­тын нақ­ты өн­ді­ріс
    70
    2.3
    5 000 тон­на­дан ба­ста­ла­тын нақ­ты өн­ді­ріс
    60
    2.4
    500 тон­на­дан ба­ста­ла­тын нақ­ты өн­ді­ріс
    50
    Жұ­мырт­қа­лы құс ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Асыл тұқым­ды құ­стар­дан алын­ған жұ­мырт­қа ба­ғы­тын­да­ғы фи­нал­дық ны­сан­да­ғы тәу­лік­тік ба­ла­пан са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    60
    Қой ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Отан­дық асыл тұқым­ды қой ба­сын са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    15 000
    2.
    Им­порт­тал­ған асыл тұқым­ды ана­лық қой ба­сын са­тып алу
    30 000
    3.
    Им­порт­тал­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық қош­қар­лар са­тып алу
    150 000
    4.
    Асыл тұқым­ды ұсақ мал­дың тө­лін өсі­ру шы­ғын­да­рын ар­зан­да­ту
    Бас
    4 000
    5.
    Бор­да­қы­лау алаң­да­ры­на бор­да­қы­ла­у­ға неме­се ет өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на со­ю­ға өт­кі­зі­л­ген ұсақ мал­дың ер­кек да­ра­ғы­ның құ­нын ар­зан­да­ту
    Са­ты­л­ған бас
    3 000
    5.1
    Бор­да­қы­лау алаң­да­ры­на бор­да­қы­ла­у­ға неме­се ет өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на со­ю­ға өт­кі­зі­л­ген ұсақ мал­дың ер­кек да­ра­ғы­ның құ­нын ар­зан­да­ту (мау­сым­дық жет­кі­зі­лім­дер)
    Са­ты­л­ған бас
    7 000
    6.
    Қой эм­бри­он­да­рын са­тып алу құ­нын ар­зан­да­ту
    Да­на
    80 000
    7.
    Асыл тұқым­дық ор­та­лық­тар­дың, асыл тұқым­ды жа­ну­ар­лар­дың ұры­ғы мен эм­бри­он­да­рын өт­кі­зу жөнiн­де­гi дис­три­бью­тер­лік ор­та­лық­тар­дың және ұрық­тан­ды­ру­шы-тех­ник­тер­дің та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­дің және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­те­рін­де­гі ана­лық қой ба­сын қол­дан ұрық­тан­ды­ру бой­ын­ша көр­сет­кен қыз­мет­те­рі­нің құ­нын суб­си­ди­я­лау
    Ұрық­тан­ды­ры­л­ған бас/ша­ғы­лы­сты­ру мау­сы­мы
    1 500
    8.
    Қай­та өң­де­у­ге өт­кі­зі­л­ген би­я­зы және жар­ты­лай би­я­зы жүн­нің құ­нын ар­зан­да­ту
    8.1.
    Са­па­ның 60 ба­ста­ла­тын жүн
    Өт­кі­зі­л­ген ки­ло­грамм
    200
    8.2.
    Са­па­ның 50 ба­ста­ла­тын жүн
    Өт­кі­зі­л­ген ки­ло­грамм
    150
    9.
    Қай­та өң­де­у­ге өт­кі­зі­л­ген қы­л­шық және жар­ты­лай қы­л­шық жүн­нің құ­нын ар­зан­да­ту
    Өт­кі­зі­л­ген ки­ло­грамм
    25
    Жыл­қы ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Мі­ніс және мі­ніс-же­гін жыл­қы­лар­дың отан­дық тұқым­да­ры­ның асыл тұқым­ды ана­лық ба­сы­мен се­лек­ци­я­лық және асыл тұқым­дық жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу
    Бас/ ша­ғы­лы­сты­ру мау­сы­мы
    20 000
    2.
    Өнім­ді­лік ба­ғы­тын­да­ғы асыл тұқым­ды тұқым­дық ай­ғыр­лар са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    100 000
    3.
    Асыл тұқым­дық ор­та­лық­тар­дың шет ел­дік се­лек­ци­я­ның мі­ніс ба­ғы­тын­да­ғы асыл тұқым­ды тұқым­дық ай­ғыр­лар­ды са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – ЖАО) бел­гі­лей­ді
    4.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да өсі­рі­л­ген мі­ніс және мі­ніс-же­гін жыл­қы­лар тұқым­да­ры­ның асыл тұқым­ды мал ба­сын кү­тіп-ба­ғу­ға жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды өтеу
    Бас/жы­лы­на бір рет
    ЖАО бел­гі­лей­ді
    Түйе ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Асыл тұқым­ды тұқым­дық түй­е­лер са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    100 000
    Шош­қа ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Асыл тұқым­ды шош­қа­лар са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    100 000
    2.
    Ет өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на неме­се сою пункт­те­ріне өт­кі­зі­л­ген неме­се со­ю­ға ауы­сты­ры­л­ған шош­қа­лар­дың құ­нын ар­зан­да­ту
    Бас
    2 000
    Өңір­лер­дің ерекше­лік­те­рі мен ма­ман­да­нуын ес­ке­ре оты­рып, ЖАО қа­ла­уы бой­ын­ша жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен бө­лі­не­тін бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен
    1.
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ба­сы­ның азығ­ы­на жұм­сал­ған шы­ғын­дар құ­нын ар­зан­да­ту
    Бас
    ЖАО бел­гі­лей­ді
    2.
    Еш­кі­лер­дің асыл тұқым­ды ана­лық ба­сын са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    40 000
    3.
    Бие сү­тін өн­ді­ру мен өң­де­удің құ­нын ар­зан­да­ту
    Ки­ло­грамм
    60
    4.
    Түйе сү­тін өн­ді­ру мен өң­де­удің құ­нын ар­зан­да­ту
    Ки­ло­грамм
    55*
    5.
    Бал өн­ді­рі­сі­нің құ­нын ар­зан­да­ту
    Өт­кі­зі­л­ген ки­ло­грамм
    200
    Асыл тұқымды аталық малды сатып алуды субсидиялау тек тауар өндірушіде (асыл тұқымдық орталықтарды, асыл тұқымды бұқаларды тауарлық табындарға/шаруашылықтарға жалға беретін бордақылау алаңдарын қоспағанда) аналық мал басы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
    Сүтті/сүтті-етті және етті/етті-сүтті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 50%-на дейін белгіленген нормативтер мөлшерінде субсидияланады.
    «Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялар «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде немесе Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтамамен расталған, өңірде азық дайындауға теріс әсер еткен қалыптан тыс ауа райы жағдайлары басталған кезде беріледі. Бұл талап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Ұлытау облысындағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басына қолданылмайды.
    «Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялау жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген және/немесе бөлінген бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде жүзеге асырылады.
    Ескертпе:
    * жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде және/ немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлу кезінде және/немесе бөлінген бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде «Түйе сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялаудың ағымдағы нормативін СМАЖ-да Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрліктің келісуі бойынша бөлінген бюджет қаражатының сомасына байланысты 55 теңгеден 190 теңгеге дейін ұлғайтуға жол беріледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.