«Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 5221 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қазан 2025 ж.

    «Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 5221 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 5221 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шымкент қаласының әкімі

    Ғ. Сыздықбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.