Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 218 «Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қыркүйек 2025 ж.

    Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 218 «Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 218 «Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға қосымшада:

    келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 1, 2 жолдары жаңа редакцияда жазылсын:

    «

    1
    Жалпы дәрігерлік практика
    2
    Отбасы медицинасы
    »;
    келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 25, 26, 27, 28 жолдарымен толықтырылсын:
    «
    25
    Фармация
    26
    Гигиена-эпидемиология
    27
    Стоматология
    28
    Балалар жасындағы стоматология
    ».
    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.