Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2025 ж.
«Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 267 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 267 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5916 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі
М. Самитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.