Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және пайдалану тәртібін, сондай-ақ Танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 42-бабы 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 10-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасы және пайдалану тәртібі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
М. Такиев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 2 қазандағы
№ 560 бұйрығына
Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасы және оны пайдалану тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасы және оны пайдалану тәртібі (бұдан әрі – Сипаттамасы мен Тәртібі) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 42-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және оны пайдалану тәртібін айқындайды.
2-тарау. Нышанның сипаттамасы
2. Мемлекеттік кірістер органдарының нышаны алтын реңдегі көп қырлы жұлдызды білдіреді.
3. Көп қырлы жұлдыздың ішінде қою көк түсті жартылай шеңбер орналасқан, шеңбердің төменгі жағында алтын түсті «Мемлекеттік кірістер комитеті» деген жазуы бар.
4. Шеңбер ішінде:
1) мәңгілік биіктікті, ұшудың еркіндігін және жоғарыға бағытталған қозғалысты білдіретін, ұшқан құс түріндегі ұлттық өрнек орналасқан;
2) «Шаңырақ» – логотиптің ортасы болып табылады, сол арқылы халықтың бірлігі және ұлттық құндылықтары білдіріледі.
3) «Бәйтерек» – біртұтас халықтың даналығын, беріктігін және жетістігін білдіретін нышандардың бірі болып табылады.
5. Нышанның графикалық бейнесі осы Сипаттама мен Тәртіпке қосымшада келтірілген.
3-тарау. Нышанды пайдалану тәртібі
6. Нышанды мемлекеттік кірістер органдары қолданады және баспа және өзге де ақпараттық және білім беру өнімдерінің, сондай-ақ құжаттардың және мемлекеттік кірістер органдарының иелігіндегі көлік құралдарының өзге түрлерінде пайдаланылады.
Мемлекеттік кірістер органдары
нышанының сипаттамасына
және оны пайдалану тәртібіне
қосымша
Мемлекеттік кірістер органдары нышанының графикалық бейнесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы «2» қазандағы
№ 560 бұйрығына
Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі (бұдан әрі – Сипаттама мен Тәртіп) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 10-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібін айқындайды.
2-тарау. Танымдық ту мен танымдық белгінің сипаттамасы
2. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы ашық сұр түсті тікбұрышты матадан тұрады.
Ту сабының тұсында матаның биіктігі бойымен алтын түсті ұлттық ою-өрнек және оның оң жағында алтын түсті жіңішке тік сызық орналасқан.
Матаның төменгі оң жағында бұрышында толқын тәрізді алтын түсті сәнді композиция орналасқан.
Тудың ортасында диаметрі 400 миллиметр мемлекеттік кірістер органдарының бекітілген нышанының бейнесі орналастырылады.
Ту енінің оның ұзындығына қатынасы – 1:1,5 құрайды.
3. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы және оның бейнесі мөлшерлеріне қарамастан, осы Сипаттама мен Тәртіпке қосымшада келтірілген оның түрлі – түсті және схемалық бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келеді.
4. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық белгісі мемлекеттік кірістер органдарының символы түрінде қолданылады.
5. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық белгісінің сипаттамасы мен схемалық көрінісі осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары символының сипаттамасы мен пайдалану тәртібінде келтірілген.
3-тарау. Танымдық ту мен танымдық белгіні қолдану тәртібі
6. Танымдық ту мемлекеттік кірістер органдарының иелігіндегі өзен, теңіз кемелерінде және мемлекеттік кірістер органдарының мекемелерінде қолданылады.
7. Танымдық белгі:
1) кеден ісі саласындағы қызметті орындау шеңберінде пайдаланылатын мемлекеттік кірістер органдарының иелігіндегі көлік құралдарының барлық түрлеріне қолданылады және екі жағынан симметриялы орналастырылады;
2) кеден ісі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімінде қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының нысанды киімінде орналасқан танымдық белгінің мөлшері 2,5:2,5 құрайды. Танымдық белгіні бейнелеу кезінде оның енінің ұзындығына сәйкестігі – 1:1.
Мемлекеттік кірістер
органдарының танымдық
туы мен танымдық белгісінің
сипаттамасы мен қолдану тәртібіне
қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туының графикалық бейнесі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.