Қорғанбай ауылының көшесіне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қазан 2025 ж.

    Қорғанбай ауылының көшесіне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылдың 1 тамызындағы №211 «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33238 болып тіркелген) сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Кеңгір селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Қорғанбай ауылының атауы жоқ көшесіне – «Бірлік» көшесі,-деп атау берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

    Әкім

    Р.Ш.Есмағанбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.