Кеңгір селосының кейбір көшелеріне қайта атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қазан 2025 ж.

    Кеңгір селосының кейбір көшелеріне қайта атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылдың 1 тамызындағы №211 «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33238 болып тіркелген) сәйкес, село тұрғындарының пікірін ескере отырып, Кеңгір селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Кеңгір селосындағы:

    «Молодежная» көшесі – «Жібек жолы» көшесі

    «Мира» көшесі – «Ұлы Дала» көшесі

    «Школьная» көшесі – «Ыбырай Алтынсарин» көшесі,-деп қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

    Әкім

    Есмағанбетов Р. Ш

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.