Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) «Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 63 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22193 болып тіркелді);
2) «Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 339 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31416 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.