Қосүйеңкі ауылдық округіндегі көшені қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қыркүйек 2025 ж.

    Қосүйеңкі ауылдық округіндегі көшені қайта атау туралы

    "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының  4-тармақшасына сәйкес, Қосүйеңкі ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26-тамыздағы №2 қорытындысына сәйкес, Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қосүйеңкі ауылдық округінің Қосүйеңкі ауылындағы "Ақтөбе бұлақ" көшесі "Мамырай Үсенов" көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі

    А.Ахтаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.