«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 және «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2025 ж.

    «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 және «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларында:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, Бірыңғай байланыс орталығына және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жібереді.»;

    5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Мемлекеттік қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жұмыс беруші жеке тұлғамен бірлесіп, Мемлекеттік корпорацияға өзі жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру/ұзарту туралы өтінішті не «электрондық үкіметтің» веб-порталы (egov.kz) немесе migration.enbek.kz арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) тізбесіне сәйкес құжаттарды береді.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті берушілер өтініш берілген күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.»;

    15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «15. Көрсетілетін қызмет беруші «ШЖК ААЖ» арқылы құжаттар келіп түскен күні:

    1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарда көзделген құжаттардың;

    2) Мемлекеттік корпорациядан алынған паспорт деректері мен мәліметтері бар өтініш мазмұнының;

    3) шетелдік азаматтығының «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға;

    4) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-2-бабының 5-тармағында көзделген шарттарға;

    5) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 412-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына немесе 696-бабына сәйкес жеке табыс салығы бойынша төлем сомасының сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады.»;

    18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «18. Өтінішті қарау оң нәтиже берген кезде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру немесе ұзарту осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші қай жүйе арқылы жіберілгеніне байланысты «ШЖК» ААЖ-дан «ХҚКО» ААЖ-ға немесе көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберу арқылы не migration.enbek.kz порталында жүзеге асырылады.»;

    3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;

    мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

    «32-1. Көрсетілетін қызметті алушы ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.»;

    2-қосымшада:

    реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    7
    Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
    Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін (жұмыс беруші-жеке тұлға (бұдан әрі – жұмыс беруші) жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)
    Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
    Портал арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
    көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында – www.gov4c.kz;
    2) Порталда – www.egov.kz;
    3) www.migration.enbek.kz.
    »;
    реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    8
    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
    Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
    1. Рұқсат алу кезінде:
    Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
    1) шетелдік пен жұмыс беруші қол қойған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш (өтініштің көшірмесі беріледі);
    2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (сканерленгеннен кейін қабылдау күні мен Мемлекеттік корпорацияның мекенжайы көрсетілген түбіртектің қабылданғаны туралы белгілеп, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
    3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
    4) шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама) (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
    5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және «Бірыңғай сақтандыру дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
    6) жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
    рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде:
    1) еңбекші көшіп келуші мен жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш;
    2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;
    3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
    4) шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші-көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама);
    5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және «бірыңғай сақтандыру деректер базасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;
    6) жұмыс беруші – жеке тұлға мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісімнің электрондық көшірмесі;
    2. Рұқсатты ұзарту үшін:
    Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
    1) жұмыс беруші мен шетелдік қол қойған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш;
    2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (сканерленгеннен кейін қызметті алушыға қайтарылады);
    3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
    4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және «Бірыңғай сақтандыру дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
    5) жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шарты (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
    Рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде:
    1) еңбекші көшіп келуші мен жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекші көшіп келушіге рұқсат ұзарту туралы өтініш;
    2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;
    3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
    4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және «Бірыңғай сақтандыру дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;
    5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартының электрондық көшірмесі.
    »;
    реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    9
    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
    Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту кезінде:
    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
    4) шетелдік азаматтығының «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес келмеуі;
    5) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-2-бабының 5-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеуі;
    6) жеке табыс салығы бойынша төлем болу аумағына сәйкес келмейтін мемлекеттік кірістер органдарына төленген;
    7) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 412-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында немесе 696-бабында көзделген жеке табыс салығы бойынша төлем сомасының сәйкес келмеуі;
    8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
    9) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
    ».
    2. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:
    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
    1) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
    2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
    3) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
    4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
    5) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
    6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
    7) шетелдік жұмыскер – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген көшіп келушілер;
    8) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, жұмыс берушілер еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер;
    9) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
    10) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;
    11) migration.enbek.kz ақпараттық жүйесі – көшіп-қонушыларды есепке алуды және олардың қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер көрсетудің мониторингін қамтамасыз ететін Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі.»;
    6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
    «6. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күнді есептемегенде бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынған құжаттар топтамасының толықтығы мен дұрыстығын тексереді.»;
    9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
    «Ұсынылған құжаттар бойынша дәлелді ескертулер туралы шешім қабылдаған кезде жергілікті атқарушы органның орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жұмыс берушіге не ол уәкілеттік берген тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.»;
    22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
    «22. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.».
    реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    6
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмыс берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
    Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы/тегін көрсетіледі.
    1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру немесе ұзарту жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерінің мөлшеріне сәйкес ақылы негізде көрсетіледі;
    2) шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсаттарды қайта ресімдеу, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру, ұзарту немесе қайта ресімдеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет жұмыс берушіге тегін негізде көрсетіледі.
    Салық алымын төлеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда жүзеге асырылады.
    Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру немесе ұзарту тегін негізде жүзеге асырылады.
    ».
    6, 8, 9 және 11-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;
    4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетелшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
    5. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он бесінші және жиырма сегізінші абзацтарын және 2-тармақтың жиырма бірінші және жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    С. Жакупова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігі

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 30 қыркүйектегі

    № 302 бұйрығына 1-қосымша

    Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына

    6-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz

    Әкімшілік нысанның атауы: Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): КЖҚ-1

    Кезеңділігі: жыл сайын

    Есепті кезең:_______ жылы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту үшін жүгінген кезде жылына бір рет

    ЖСН/БСН

    Жинау әдісі: электронды түрде

    Р/с №
    Тар­ты­ла­тын ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің са­нат­та­ры
    Жұ­мыс бе­ру­ші қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны, адам
    Тар­ту­ға жос­пар­лан­ған ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің са­ны, адам
    Жұ­мыс іс­теп тұр­ған қыз­мет­кер­лер­дің және ше­тел­дік қыз­мет­кер­лер­ді тар­ту­ға жос­пар­ла­на­тын қыз­мет­кер­лер­дің со­ма­сы
    3-ба­ған+ 5-ба­ған
    тар­ты­л­ған және тар­ту­ға жос­пар­ла­на­тын ше­тел­дік қыз­мет­кер­лер­дің со­ма­сы
    4-ба­ған+ 5-ба­ған
    қыз­мет­кер­лер­дің жал­пы са­ны­на ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің %-ы, 7-ба­ған/ 6-ба­ған*100%
    Бар­лы­ғы (ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін тар­ту­ға рұқ­сат­сыз жұ­мыс іс­тей­тін ше­тел­дік қыз­мет­кер­лер есеп­ке алын­бай­ды)
    Оның ішін­де ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін тар­ту­ға рұқ­сат­тар бой­ын­ша тар­ты­ла­тын ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    1
    1 және 2- са­нат
    2
    3 және 4- са­нат
    3
    БАР­ЛЫ­ҒЫ
    Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда 5-бағанда ол есепке алынбайды.
    Атауы________________________
    ______________________________
    Мекенжайы___________________
    _____________________________
    Телефон ______________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

    Орындаушы _____________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________

    _____________________________________________________________________

    _________________________________________________ __________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

    «Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша

    «Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі – КЖҚ-1, кезеңділігі – жыл сайын)

    1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;

    2-бағанда тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаты көрсетіледі;

    3-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің барлығы (шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер есепке алынбайды) көрсетіледі;

    4-бағанда оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші көрсетіледі;

    5-бағанда тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам көрсетіледі;

    6-бағанда жұмыс істеп тұрған қызметкерлердің және шетелдік қызметкерлерді тартуға жоспарланатын қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;

    7-бағанда тартылған және тартуға жоспарланатын шетелдік қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;

    8-бағанда жұмыскерлердің жалпы санына шетелдік жұмыс күшінің пайызы көрсетіледі, 7-баған/6-баған*100%.

    __________________________________

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 30 қыркүйектегі

    № 302 бұйрығына 2-қосымша

    Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына

    8-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz

    Әкімшілік нысанның атауы: Рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): РАҰҮҚЕШ-2

    Кезеңділігі: жыл сайын

    Есепті кезең:_________ жылы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ерекше жағдайларда рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін жүгінген кезде жылына бір рет

    ЖСН/БСН

    Жинау әдісі: электронды түрде

    Р/с №
    Тартылатын шетелдік қызметкерлердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
    Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, кәсібі (мамандығы)
    Қазақстан Республикасының азаматтары үшін құрылатын жұмыс орындарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіп (мамандық) және (немесе) саны көрсетілген ерекше шарттардың атауы
    Ерекше шарттарды орындау мерзімі
    1
    2
    3
    4
    5
    Атауы________________________
    ______________________________
    Мекенжайы___________________
    _____________________________
    Телефон ______________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

    Орындаушы _____________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________

    _____________________________________________________________________

    _________________________________________________ ___________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

    «Рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша

    «Рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі – РАҰҮҚЕШ-2, кезеңділігі – жыл сайын)

    1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;

    2-бағанда тартылатын шетелдік қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;

    3-бағанда жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) көрсетіледі;

    4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін құрылатын жұмыс орындарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіпті (мамандықты) және (немесе) олардың санын көрсете отырып, ерекше шарттардың атауы көрсетіледі;

    5-бағанда ерекше шарттардың орындалу мерзімі көрсетіледі.

    _____________________________________

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 30 қыркүйектегі

    № 302 бұйрығына 3-қосымша

    Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына

    9-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz

    Әкімшілік нысанның атауы: Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): КАШШҚТККЖҚ-3

    Кезеңділігі: жыл сайын

    Есепті кезең: _________ жылы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде жылына бір рет

    ЖСН/БСН

    Жинау әдісі: электронды түрде

    Р/с №
    Ла­у­а­зым­дар­дың ата­у­ла­ры
    Жұ­мыс бе­ру­ші қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны, адам
    Кор­по­ра­ти­ві­ші­лік ауы­сты­ру шең­бе­рін­де тар­ту­ға жос­пар­ла­на­тын ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің са­ны, адам
    жұ­мыс іс­теп тұр­ған жұ­мыс­кер­лер­дің және ше­тел­дік жұ­мыс­кер­лер­ді тар­ту­ға жос­пар­ла­на­тын жұ­мыс­кер­лер­дің со­ма­сы
    3-ба­ған + 5-ба­ған
    тар­ты­л­ған және тар­ту­ға жос­пар­ла­на­тын ше­тел­дік қыз­мет­кер­лер­дің со­ма­сы
    4-ба­ған + 5-ба­ған
    кор­по­ра­ти­ві­ші­лік ауы­сты­ру шең­бе­рін­де тар­ты­ла­тын ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің %-ы Қа­зақ­стан аза­мат­та­ры қа­та­рын­да­ғы қыз­мет­кер­лер­дің жал­пы са­ны­на, 7-ба­ған/6-ба­ған*100 %
    Бар­лы­ғы
    оның ішін­де: кор­по­ра­ти­ві­ші­лік ауы­сты­ру шең­бе­рін­де рұқ­сат­тар бой­ын­ша жұ­мыс іс­тей­тін ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    1
    Ме­не­джер­лер
    2
    Ма­ман­дар
    3
    Бар­лы­ғы
    Ескертпе: егер шетелдік қызметкер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда 5-бағанда ол есепке алынбайды.
    Атауы________________________
    ______________________________
    Мекенжайы___________________
    _____________________________
    Телефон ______________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

    Орындаушы _____________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________

    _____________________________________________________________________

    _________________________________________________ ___________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

    «Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша

    «Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі – КАШШҚТККЖҚ-3, кезеңділігі – жыл сайын)

    1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;

    2-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлер тартатын лауазымдардың санаттарының атауы көрсетіледі;

    3-бағанда жұмыс берушінің барлық қызметкерлерінің саны, адам көрсетіледі;

    4-бағанда оның ішінде: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші көрсетіледі;

    5-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам көрсетіледі;

    6-бағанда жұмыс істеп тұрған жұмыскерлердің және шетелдік жұмыскерлерді тартуға жоспарланатын жұмыскерлердің сомасы көрсетіледі;

    7-бағанда тартылған және тартуға жоспарланатын шетелдік қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;

    8-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің қазақстандық азаматтар қатарындағы жұмыскерлердің жалпы санына пайызы, 7-баған/6*100-баған көрсетіледі.

    ____________________________________

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2025 жылғы 30 қыркүйектегі

    № 302 бұйрығына 4-қосымша

    Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына

    11-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz

    Әкімшілік нысанның атауы: Ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЕШОТШЖК-4

    Кезеңділігі: жыл сайын

    Есепті кезең: _________ жылы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде жылына бір рет

    ЖСН/БСН

    Жинау әдісі: электронды түрде

    Р/с №
    Рұқ­сат бе­ре­тін ор­ган­ның то­лық ата­уы
    Қай­та оқы­ты­л­ған қа­зақ­стан­дық аза­мат­тар­дың са­ны (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген)
    Ше­тел­дік жұ­мыс­кер­лер­ді ауы­стыр­ған қа­зақ­стан­дық аза­мат­тар­дың са­ны те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген)
    Жұ­мыс іс­тей­тін қа­зақ­стан­дық аза­мат­тар­дың са­ны (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген)
    Қа­зақ­стан аза­мат­та­ры үшін құ­ры­л­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген)
    Жұ­мыс іс­тей­тін ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің са­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    кестенің жалғасы
    Шы­ғу елі
    Ел­дер­дің жік­те­уі­ші
    Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші тар­ты­ла­тын ма­ман­дық­тар
    Жұ­мыс іс­тей­тін ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің са­ны
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша ай­дың со­ңы­на жұ­мыс іс­тей­тін ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің са­ны
    Ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін тар­ту­ға рұқ­сат­сыз жұ­мыс іс­тей­тін ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің са­ны, оның ішін­де са­нат­тар бой­ын­ша
    Шы­ғу елі
    Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші тар­ты­ла­тын ма­ман­дық­тар
    Жұ­мыс бе­ру­ші ата­уы
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    Атауы________________________
    ______________________________
    Мекенжайы___________________
    _____________________________
    Телефон _______________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

    Орындаушы _____________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________

    _____________________________________________________________________

    _________________________________________________ ___________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

    «Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша

    «Ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі – ЕШОТШЖК-4, кезеңділігі – жыл сайын)

    1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;

    2 бағанда рұқсат беретін органның толық атауы көрсетіледі;

    3-бағанда қайта оқытылған қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);

    4-бағанда шетелдік жұмыскерлерді ауыстырған қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);

    5-бағанда жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);

    6 бағанда Қазақстан азаматтары үшін құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);

    7 бағанда жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны көрсетіледі;

    8-бағанда шығу елі көрсетіледі;

    9-бағанда 22-қосымшаға сәйкес Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген әлем елдерінің жіктеуіші көрсетіледі;

    10-бағанда шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар көрсетіледі;

    11-бағанда экономикалық қызмет түрлері бойынша айдың соңына жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің көрсетіледі;

    12-бағанда экономикалық қызмет түрлері бойынша айдың соңына жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің көрсетіледі;

    13-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, санаттар бойынша шығу елі көрсетіледі;

    14-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, санаттар бойынша шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар көрсетіледі;

    15-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, санаттар бойынша жұмыс беруші көрсетіледі;

    ____________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.