Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 144 «Қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабы 5-тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №144 «Қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарағанды қаласының аумағында қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде келісілсін:
1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 120 (жүз жиырма) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 250 (екі жүз елу) теңге.
Қалалық мәслихат төрағасы
А. Бөкенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.