Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы
И. Теренченко
Павлодар облыстық
мәслихатының
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 216/24 шешіміне
қосымша
Павлодар облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
|
Р/с №
|
Арнайы су пайдалану түрлері
|
Өлшем
бірлігі
|
Төлемақы мөлшерлемелері, теңге
|
|
1
|
Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
|
1000 текше метр
|
268,16
|
|
2
|
Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп
|
1000 текше метр
|
767,72
|
|
3
|
Ауыл шаруашылығы
|
1000 текше метр
|
216,26
|
|
4
|
Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
|
1000 текше метр
|
216,26
|
|
5
|
Су көлігі
|
1000 тонна шақырым
|
30,28
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.