Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы көшеге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қыркүйек 2025 ж.

    Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы көшеге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бесағаш ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы атауы жоқ көшеге Таңбалытас атауы берілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Бесағаш ауылдық округінің әкімінің м.а.

    А. Рамазанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.