Абай облысы Семей қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қыркүйек 2025 ж.

    Абай облысы Семей қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Семей қаласының көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» бірлескен Семей қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 315 қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 43/226-VIII шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 маусымдағы қорытындысын ескере отырып, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Семей қаласының:

    Селевин көшесі – Құнанбай көшесі;

    Уральская көшесі – Ақшоқы көшесі;

    Волгоградский көшесі – Кеңгірбай би көшесі;

    Менжинский көшесі – Әнуарбек Байжанбаев көшесі;

    Фурманов көшесі – Жұмат Шанин көшесі;

    Трусов көшесі – Рақымжан Қошқарбаев көшесі;

    Первомайская көшесі – Дулат Бабатайұлы көшесі;

    Пархоменко көшесі – Сағадат Нұрмағанбетов көшесі;

    Крестьянская көшесі – Саятқора көшесі;

    Советская көшесі – Аршалы көшесі;

    Энгельс көшесі – Жерұйық көшесі;

    Чапаев көшесі – Ордалы көшесі деп қайта аталсын.

    2. Осы бірлескен Абай облысы әкімдігінің қаулысы мен Абай облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай облысының әкімі

    Б. Уәли

    Абай облысы мәслихатының төрағасы

    Ш. Байбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.