Риддер қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қыркүйек 2025 ж.

    Риддер қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Риддер қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Риддер қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 8/6-VIII «Риддер қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Риддер қалалық мәслихатының төрағасы

    Е. Нужных

    Риддер қалалық мәслихатының

    2025 жылғы 29 қыркүйектегі

    №30/6-VIII шешіміне

    қосымша

    Риддер қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Есептік бірлік
    Қызметтердің құны, теңге
    ҚҚС қоса алғанда, жақсартылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлер
    айына 1 тұрғынға
    803
    ҚҚС-сыз бірлікке (көлемге) жылдық тариф
    1 м3
    4392,08
    ҚҚС-пен бірлікке (көлемге) жылдық тариф
    1 м3
    4919,13

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.