Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 8С-15/3-24 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 8С-15/3-24 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8693-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
11-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
11-тармақтың 8) тармақшасы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы
М. Әбжіков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.