Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2025 ж.

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ішкі істер министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар

    министрі

    2025 жылғы 30 қыркүйектегі

    № 429

    Бұйрыққа қосымша

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

    1. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

    5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) келесі құжаттарды жолдайды:

    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

    2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу шарттарын нақтылайтын, сынықтардың ұшу қашықтығы, соққы толқынының әсері, жарылыс кезіндегі улы газдардың әсері және сейсмикалық ықпалдар көрсетілген есептеулерді қамтитын мәліметтер бар электрондық құжат;

    3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:

    жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат;

    жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекарасын, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орнын көрсете отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат.

    Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс профилдерінің және қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.

    Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.»;

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;

    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

    реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі (бұ­дан әрі-көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
    ».
    2. «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыру қағидаларында:
    4-тармақта:
    1)- тармақшасы алып тасталсын;
    5) және 6) - тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
    «5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
    6) аумақтық департамент - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты және бақылау, қадағалау функцияларын іске асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;»;
    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру мемлекеттік мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес аумақтық департаменттер (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «10. Тесттерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган әзірлейді. Тест сұрақтарының саны жүз сұрақты құрайды. Бір тест сұрағына жауап беру нұсқаларының саны төрт, біреуі дұрыс. Тесттерді орындау уақыты жүз жиырма минуттан аспайды.»;
    18-1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «18-1 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;
    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
    реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын::
    «
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі (бұ­дан әрі-көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
    »;
    көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
    көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    3. «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тарапынан заңды тұлғаның мынадай жұмыстарды орындау құқығын ресми тану мақсатында жүргізіледі:
    1) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу;
    2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;
    3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
    4) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
    5) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады;
    6) газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
    7) сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.»;
    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «9. Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 299 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелген) (бұдан әрі – талаптар) қойылатын талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қызметін жүзеге асыру орны бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі-аумақтық департамент) сұрау жолдайды.
    Аумақтық департамент, өтінім аумақтық департаментте тіркелген күннен бастап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды.
    Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.»;
    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.».
    4. «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 208 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    «Қауіпті өндірістік объектілерде және қауіпті техникалық құрылғыларда қолданылатын технологияларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
    6- тармақтың 1)- тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;»;
    7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
    «7. Жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-мен қол қойылған дәлелді бас тартуды дайындайды және оны портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
    Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.
    Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшасы нда баяндалған.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-мен қол қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жолданады.
    8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;
    «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша алып тасталсын.
    5. «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
    6-тармақтың 1)- тармақшасы алып тасталсын;
    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «7. Заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) мынадай құжаттарды жолдайды жолдайды:
    1) лицензия алу үшін:
    осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
    жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын мәліметтер нысаны мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 843 бұйрығымен бекітілген (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14742 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары);
    2) лицензияға қосымша алу үшін:
    осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    біліктілік талаптарына толтырылған мәліметтер нысаны;
    3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қайта ресімдеу үшін:
    осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
    мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
    4) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
    осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
    мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
    біліктілік талаптарына мәліметтердің толтырылған нысаны.
    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
    Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі келесіні құрайды:
    1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде - 10 (он) жұмыс күні;
    2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
    3) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күні.»;
    9-тармақтың 1)- тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:
    2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) дәйексіздік фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды;
    ұсынылған құжаттардың мәліметтері толық және дәйекті болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін портал арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық департамент) сұрау салуды жолдайды;
    Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 51-бабына сәйкес, аумақтық департамент 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды және оны портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
    Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6 және (немесе) 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық пиротехникалық заттарды қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, немесе осы Қағидаларға 8 –қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап құрастырады.»;
    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;
    көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
    реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) өті­ніш бе­ру­ші ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;
    2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың осы са­на­ты үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лы­нуы;
    3) ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­ді;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ке­лі­су­ші аумақ­тық де­пар­та­мент­тен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес еме­сті­гі ту­ра­лы жа­у­ап ал­ды;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се оған тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған;
    7) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­ны­мы негі­зін­де сот көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы – бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым сал­ған.
    ».
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
    5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «6. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы келесі құжаттарды жолдайды:
    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;
    3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі.
    Сараптамалық қорытынды осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген талаптарды қамтуға тиіс, сондай-ақ оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
    Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.»;
    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:
    5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «6. Заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) келесі құжаттарды жолдайды:
    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын, сынықтардың ұшу қашықтығын, соққы толқынының әсерін, жарылыс кезіндегі улы газдардың әсерін, сейсмикалық әсерін нақтылайтын есептері көрсетілген мәліметтері бар электрондық құжат;
    3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
    жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат;
    жерасты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекарасын, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орнын көрсете отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат..
    Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс профилдері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады..
    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
    Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.»;
    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
    Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;
    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    6. «Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларында:
    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «3. Екі және одан да көп облыстар шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектінің жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – Комитет) келісіледі.
    Стратегиялық объектілер мен өзге де қауіпті өндірістік объектілердің жобалау құжаттамасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) келісіледі.
    Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті өндірістік объектілердің жобалау құжаттамасы аудандардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) келісіледі.»;
    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «7. «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, аумақтық департаменттер және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.»;
    14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «14. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;
    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
    реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – Ко­ми­тет) – екі және одан да көп об­лы­стар ше­гін­де ор­на­ла­сты­ры­ла­тын қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­ні са­лу­ға, ке­ңей­ту­ге, ре­кон­струк­ци­я­ла­у­ға, жаң­ғыр­ту­ға, кон­сер­ва­ци­я­ла­у­ға және жо­ю­ға ар­нал­ған жо­ба­лау құ­жат­та­ма­сы (бұ­дан әрі – жо­ба­лау құ­жат­та­ма­сы). Аумақ­тық де­пар­та­мент­тер – өзге де қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­дің жо­ба­лық құ­жат­та­ма­сын ке­лі­су ке­зін­де. Аудан­дар­дың, об­лы­стық және рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры – әле­умет­тік ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рін­де­гі қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­дің жо­ба­лық құ­жат­та­ма­сын ке­лі­су ке­зін­де.
    ».
    7. «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24574 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларында:
    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық департамент) арқылы жүзеге асырылады.»;
    21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «21. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;
    көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшасында:
    реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аумақ­тық де­пар­та­мент – өнер­к­ә­сіп­тік объ­ек­ті­лер­де­гі қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­ды есеп­ке қою және есеп­тен шы­ға­ру ке­зін­де. Аудан­дар­дың, об­лы­стық және рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры – әле­умет­тік ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рін­де­гі қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­ды есеп­ке қою және есеп­тен шы­ға­ру ке­зін­де.
    ».

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік

    саласындағы мемлекеттік

    қызметтер көрсету саласындағы

    өзгерістер енгізілетін кейбір

    бұйрықтардың тізбенің

    1-қосымшасы

    Өнеркәсіптік қауіпсіздікті

    декларациялайтын заңды

    тұлғалар басшыларымен,

    сондай-ақ аталған заңды

    тұлғалардың тұрақты жұмыс

    істейтін емтихан комиссиялары

    мүшелерімен емтихан тапсыру

    қағидаларына 3-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік органның
    атауы
    Наименование государственного
    органа
    ___________ қаласы
    город _____________
    Мерзімі: [Берілген күні] жыл [Ұйымның атауы] Номері: [Құжаттың нөмірі] [Мекенжайы]
    ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
    [Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Мерзімі] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тартудың негіздемесі] [Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)] ]

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік

    саласындағы мемлекеттік

    қызметтер көрсету саласындағы

    өзгерістер енгізілетін кейбір

    бұйрықтардың тізбенің

    2-қосымшасы

    Өнеркәсіптік қауіпсіздікті

    декларациялайтын заңды

    тұлғалар басшыларымен,

    сондай-ақ аталған заңды

    тұлғалардың тұрақты жұмыс

    істейтін емтихан комиссиялары

    мүшелерімен емтихан тапсыру

    қағидаларына 4-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік органның
    атауы
    Наименование государственного
    органа
    ________ қаласы
    город _______
    СЕРТИФИКАТ № ____

    ______________________________ Заңды тұлғаның атауы

    20__ жылғы «___» __________

    [Мемлекеттік органның атауы] Қазақстан Республикасының Заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының көлемінде емтихан қабылдады:

    _______________________________________________________________

    ______________________________________________________________________________________________________________________________

    р/с № №
    Ем­ти­хан тап­сы­ру­шы­ның Т.А.Ә.
    Ла­у­а­зы­мы
    Бі­лі­мі
    Нәти­же (тап­сыр­ды, тап­сыр­ма­ды, кел­ген жоқ)
    1
    2
    3
    4
    Қолданылу мерзімі 20__ жыл «___» ____________ дейін
    ______________________________________________________
          Қол қоюшының лауазымы Т.А.Ә. (болған жағдайда)

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік

    саласындағы мемлекеттік

    қызметтер көрсету саласындағы

    өзгерістер енгізілетін кейбір

    бұйрықтардың тізбенің

    3-қосымшасы

    Жарылыс жұмыстарын

    жүргізуге рұқсат беру

    қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    «Жа­ры­лыс жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің негіз­гі та­лап­та­ры­ның тіз­бе­сі
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі (бұ­дан әрі - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz, www.​elіcense.kz веб-пор­та­лы.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    5 (бес) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық түр­де (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Жа­ры­лыс жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге рұқ­сат бе­ру не бол­ма­са «Жа­ры­лыс жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет Қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі - Қа­ғи­да­лар) 3 және 4-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, түс­кі үзіл­іспен.
    2) пор­тал - тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
    2) жа­ры­лыс жұ­мыста­рын қа­уіп­сіз орын­дау шар­тта­рын, ке­сек­тер­дің ұшуы бой­ын­ша қа­уіп­сіз қа­шық­тық­тар­ды, соқ­қы ауа тол­қы­ны­ның әсе­рін, жа­ры­лыс ке­зін­де улы га­з­дар­дың әсе­рін, сей­сми­ка­лық әсер­ді нақ­ты­лай­тын есеп­те­уле­рі көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­те­рі бар элек­трон­дық құ­жат;
    3) жа­ры­лыс жұ­мыста­рын жүр­гі­зу ке­зін­де:
    жер бе­т­ін­де жа­ры­лыс жұ­мыста­рын жүр­гі­зу ор­ны, қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­сы, қа­уіп­ті ай­мақ­ты кү­зе­ту бе­кет­те­рін және оның ше­гін­де­гі тұр­ғын және өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар­ды, құ­ры­лы­стар­ды, те­мір жол­дар­ды, ав­то­мо­биль жол­да­рын, ар­на­лар­ды, құ­быр­лар­ды, электр бе­ру же­лі­ле­рін қою орын­да­ры көр­се­ті­л­ген жер­гі­лік­ті жер­дің жос­па­ры бар элек­трон­дық құ­жат ұсы­ны­ла­ды;
    жер асты жағ­дай­ла­рын­да жа­ры­лыс жұ­мыста­рын жүр­гі­зу ор­ны, қа­уіп­ті ай­мақ ше­ка­ра­сы, қа­уіп­ті ай­мақ­ты қор­ғау бе­кет­те­рін қою ор­ны көр­се­ті­л­ген тау-кен жұ­мыста­ры­ның жос­па­ры, сон­дай-ақ шах­та­ның (ке­ніш­тің, гео­ло­ги­я­лық бар­лау жұ­мыста­ры объ­ек­ті­сі­нің) газ бен шаң бой­ын­ша қа­уіп­ті­лі­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер бар элек­трон­дық құ­жат ұсы­ны­ла­ды.
    Жа­ры­л­ғыш ма­те­ри­ал­дар­ды пай­да­ла­на оты­рып сей­сми­ка­лық бар­лау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу ке­зін­де жұ­мыс бей­ін­де­рі мен қа­уіп­ті ай­мақ­ты қор­ғау схе­ма­ла­ры бар элек­трон­дық құ­жат ұсы­ны­ла­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) Қа­ғи­да­ның 6-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар то­лық түр­де ұсы­ныл­ма­ған жағ­дай­да;
    2) өті­ніш бе­ру­ші рұқ­сат алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 30 жел­тоқ­сан­да­ғы № 343 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10244 бо­лып тір­кел­ген) Қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер үшін өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету қа­ғи­да­ла­ры­мен бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) қыз­мет көр­се­ту­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сы;
    2) www.​egov.​kz пор­та­лын­да.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414, 8-800-080-7777.
    Егер негіз­гі қыз­мет тү­рі ли­цен­зи­я­ла­у­ға жат­пай­тын бол­са, он­да жа­ры­лыс жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге рұқ­сат алу үшін 3-тар­мақ­та көр­се­ті­л­ген ли­цен­зи­я­ның бо­луы жет­кі­лік­ті.
    1. Мұ­най; газ; газ кон­ден­са­ты және ай­дау ұң­ғы­ма­ла­рын­да ат­қы­лау-жа­ру жұ­мыста­ры қыз­ме­ті­нің кі­ші тү­рі­нің ли­цен­зи­я­сы­на қо­сым­ша ұсы­ну - мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сте­рін жо­ба­ла­у­ға (тех­но­ло­ги­я­лық) және (неме­се) пай­да­ла­ну­ға, кө­мір­су­тек­тер са­ла­сын­да­ғы ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­рын, мұ­най құ­быр­ла­рын, мұ­най өнім­де­рі құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зия; жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық (аза­мат­тық­ты қо­с­па­ған­да) заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды әзір­леу, өн­ді­ру, са­тып алу, өт­кі­зу, сақ­тау жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия және оған мы­на кі­ші қыз­мет түр­ле­рін қо­сым­ша ұсы­ну:
    1) жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық (аза­мат­тық­ты қо­с­па­ған­да) заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды өзде­рі­нің өн­ді­рі­стік мұқ­таж­да­ры үшін са­тып алу;
    2) жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық (аза­мат­тық­ты қо­с­па­ған­да) заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды сақ­тау.
    2. Пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру үшін жа­ры­лыс жұ­мыста­рын жүр­гі­зу - қыз­мет­тің кі­ші тү­ріне ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ға қо­са бе­рі­л­ген тау-кен және хи­мия өн­ді­рі­сте­рін пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия және қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­ріне ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ға қо­са бе­рі­л­ген жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық (аза­мат­тық­ты қо­с­па­ған­да) заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды әзір­леу, өн­ді­ру, са­тып алу, өт­кі­зу, сақ­тау жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия және оған мы­на кі­ші қыз­мет түр­ле­рін қо­сым­ша ұсы­ну:
    1) жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық (аза­мат­тық­ты қо­с­па­ған­да) заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды өзде­рі­нің өн­ді­рі­стік мұқ­таж­да­ры үшін са­тып алу;
    2) жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық (аза­мат­тық­ты қо­с­па­ған­да) заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды сақ­тау.
    3. Қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­ріне ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ға қо­са бе­рі­ле оты­рып, жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық (аза­мат­тық­ты қо­с­па­ған­да) заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды әзір­леу, өн­ді­ру, са­тып алу, өт­кі­зу, сақ­тау жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия:
    1) жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық (аза­мат­тық­ты қо­с­па­ған­да) заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды өзде­рі­нің өн­ді­рі­стік мұқ­таж­да­ры үшін са­тып алу;
    2) жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық (аза­мат­тық­ты қо­с­па­ған­да) заттар мен олар қол­да­ны­лып жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды сақ­тау.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.