Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Өзгерістер енгізілетін қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі

    Е. Кошербаев

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Ішкі істер министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Оқу-ағарту министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Қорғаныс министрлігі

    2025 жылғы 30 қыркүйектегі

    № 11-1-4/577

    бұйрығымен бекітілген

    Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13958 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларында:

    көрсетілген қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

    реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ба­ры­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне және «Шет мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да кон­сул­дық іс-әре­кет­тер жа­са­ға­ны үшін кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 20 ма­мыр­да­ғы № 11-1-4/227 бұй­ры­ғы­на сәй­кес кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі бой­ын­ша ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18702 бо­лып тір­кел­ген).
    Кон­сул­дық алым­ды тө­леу қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Кон­сул­дық алым­ды тө­ле­уден боса­ту шар­ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне сәй­кес рет­те­ле­ді.
    ».
    2. «Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидаларында:
    көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
    реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ба­ры­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне және «Шет мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да кон­сул­дық іс-әре­кет­тер жа­са­ға­ны үшін кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 20 ма­мыр­да­ғы № 11-1-4/227 бұй­ры­ғы­на сәй­кес кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі бой­ын­ша ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18702 бо­лып тір­кел­ген).
    Кон­сул­дық алым­ды тө­леу қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Кон­сул­дық алым­ды тө­ле­уден боса­ту шар­ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне сәй­кес рет­те­ле­ді.
    ».
    3. «Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16354 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларында:
    көрсетілген қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
    реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ба­ры­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне және «Шет мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да кон­сул­дық іс-әре­кет­тер жа­са­ға­ны үшін кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 20 ма­мыр­да­ғы № 11-1-4/227 бұй­ры­ғы­на сәй­кес кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі бой­ын­ша ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18702 бо­лып тір­кел­ген).
    Кон­сул­дық алым­ды тө­леу қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Кон­сул­дық алым­ды тө­ле­уден боса­ту шар­ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне сәй­кес рет­те­ле­ді.
    ».
    4. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 11-1-4/149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20627 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
    көрсетілген қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
    реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ба­ры­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне және «Шет мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да кон­сул­дық іс-әре­кет­тер жа­са­ға­ны үшін кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 20 ма­мыр­да­ғы № 11-1-4/227 бұй­ры­ғы­на сәй­кес кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі бой­ын­ша ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18702 бо­лып тір­кел­ген).
    Кон­сул­дық алым­ды тө­леу қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Кон­сул­дық алым­ды тө­ле­уден боса­ту шар­ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне сәй­кес рет­те­ле­ді.
    ».
    5. «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 11-1-4/155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20642 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
    көрсетілген қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
    реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ба­ры­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне және «Шет мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да кон­сул­дық іс-әре­кет­тер жа­са­ға­ны үшін кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 20 ма­мыр­да­ғы № 11-1-4/227 бұй­ры­ғы­на сәй­кес кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі бой­ын­ша ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18702 бо­лып тір­кел­ген).
    Кон­сул­дық алым­ды тө­леу қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Кон­сул­дық алым­ды тө­ле­уден боса­ту шар­ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне сәй­кес рет­те­ле­ді.
    ».
    6. «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын және қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 шілдедегі № 11-1-4/407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33227 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
    4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «4) консулдық алымның Қазақстан Республикасының Салық кодексі 675-бабының 4) тармақшасына сәйкес төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.