Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қазан 2025 ж.

    Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

    «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 914-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері мен қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.

    2. «Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

    2) осы қаулыны Науырзым ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы 2025 жылғы 10 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Аудан әкімі

    М. Ихтиляпов

    Аудан әкімдігінің

    2025 жылғы «1» қазандағы

    № қаулысына

    қосымша

    Қоғамдық жұмыстардың түрлері
    Ұйымдардың тізімі
    1
    Аумақты тазалау және жинастыру;
    Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, әктеу; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу;
    Шөпті, газонды шабу; Абаттандыру.
    «Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    2
    Аумақты тазалау және жинастыру;
    Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, әктеу; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу;
    Шөпті, газонды шабу; Абаттандыру.
    «Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    3
    Аумақты тазалау және жинастыру;
    Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, әктеу; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу;
    Шөпті, газонды шабу; Абаттандыру.
    «Науырзым ауданы Шилі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    4
    Аумақты тазалау және жинастыру;
    Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, әктеу; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу;
    Шөпті, газонды шабу; Абаттандыру.
    «Науырзым ауданы Қожа ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    5
    Аумақты тазалау және жинастыру;
    Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, әктеу; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу;
    Шөпті, газонды шабу; Абаттандыру.
    «Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    6
    Аумақты тазалау және жинастыру;
    Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, әктеу; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу;
    Шөпті, газонды шабу; Абаттандыру.
    «Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    7
    Аумақты тазалау және жинастыру;
    Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, әктеу; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу;
    Шөпті, газонды шабу; Абаттандыру.
    «Науырзым ауданы Раздолное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    8
    Аумақты тазалау және жинастыру;
    Бұталарды кесу; Ағаштарды отырғызу, әктеу; Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу;
    Шөпті, газонды шабу; Абаттандыру.
    «Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.