Жарсуат ауылдық округінің Жарсуат, Құрылыс ауылындағы көшелерге атау беру және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы негізінде және Жарсуат, Құрылыс ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Жарсуат ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Жарсуат ауылындағы № 1 жаңа көшеге – «Хамза Нысанғалиев» есімі;
2) Жарсуат ауылындағы № 3 жаңа көшеге – «Құбаш Мурзин» есімі;
2. Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Құрылыс ауылының мынадай көшесіне қайта атау берілсін:
«Мектеп» көшесіне – «Жұмағұл Қалимағанбетов» есімі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Д. Қапашев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.