Көксу ауданы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы мәслихатының келесі шешімдері жойылсын:
1) «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3-24 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 180599 болып жарияланған);
2) «Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3-24 «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 31 шілдедегі № 6-40 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 184741 болып жарияланған).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы мәслихатының төрағасы
Ж. Бейсенбай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.