Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 19-бабының 20-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақтөбе қаласы аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

    1) көру қабілеті бұзылған екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

    2) жүріп-тұруы қиын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе қаласының әкімі

    А. Бекет

    Ақтөбе қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы «_24_» ____09_____

    № _2207_____ қаулысына қосымша

    Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері

    Мекемелердің түрлері
    Қызмет алушылардың түрлері
    Күніне бір қызмет алушының тарифі
    (теңге)
    Кі­ші тү­рі
    Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Жартылай стационар
    Ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған ба­ла­лар
    Ор­та­ша және ай­қын
    10045,35
    Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық па­то­ло­ги­я­сы бар ба­ла­лар
    Ор­та­ша және ай­қын
    16499,50
    2.
    Уақытша болу
    Бел­гі­лі бір тұр­ғы­лық­ты же­рі жоқ
    7733,49
    Түн­гі бө­лім
    540,60
    әле­умет­тік пат­руль қыз­ме­ті
    565,35
    Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық құр­ба­ны
    7713,43
    Адам са­уда­сы­ның құр­ба­ны
    10851,83
    3.
    Үй­де қыз­мет көр­се­ту
    2248,19

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.