«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық Тау-Кен компаниясы» акционерлік қоғамымен қауымдық сервитутты белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қыркүйек 2025 ж.

    «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық Тау-Кен компаниясы» акционерлік қоғамымен қауымдық сервитутты белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық Тау-Кен компаниясы» акционерлік қоғамы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 21 тамызға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы - 6665,5391 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық Тау-Кен компаниясы» акционерлік қоғамы қатты пайдалы қазбалар бойынша барлау жұмыстарын жүргізу кезінде, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер пайдаланушылардың жерлерінде (олар болған кезде), сондай-ақ зиян келтірілген жағдайда залалды өтеуге және жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану үшін бастапқы қалпына келтіруге міндеттелсін.

    3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

    4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

    5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Қарқаралы ауданы әкімінің м.а.

    С.Мусин

    Қарқаралы ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «22» қыркүйек

    №325 қаулысына

    Қосымша

    Қоғамдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    Жер учаскесінің орналасқан жері
    Кадастрлық нөмірі
    Жалпы алаңы, га
    Қоғамдық сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің алаңы (лицензия шекарасында), га
    1
    Кудайбергенов Даулет Кенжебаевич
    09-133-060-059
    492,0
    458,9126
    2
    Кудайбергенов Аскар Даулетович
    09-133-060-096
    2407,8180
    111,9878
    3
    Валиев Абдулбари Абдулхакович
    09-133-060-093
    627,0000
    178,4971
    4
    Валиев Абдулбари Абдулхакович
    09-133-060-082
    327,0
    327,0
    5
    "Қарқаралы ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
    09:133:060
    8,5664
    8,5664
    6
    Валиев Абдулбари Абдулхакович
    09-133-060-083
    393,0
    393,0000
    7
    Культуманов Ермек Турарович
    09-133-060-063
    200,0
    150,8196
    8
    Валиев Абдулбари Абдулхакович
    09-133-060-084
    1141,0000
    584,1890
    9
    Оразбеков Айтказы Битимбаевич
    09:133:060-085
    1277,0
    331,5199
    10
    Оразбеков Айтказы Битимбаевич
    09:133:060-052
    191,46
    181,4253
    11
    Калмаганбетов Бейбит Мендыгалиевич
    09-133-060-111
    515,0
    75,1319
    12
    "Қарқаралы ауданы Н. Нұрмақов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
    09:133:064
    1160,5540
    1160,5541
    13
    Алимканов Аманжол Жаканович
    09-133-064-143
    1235,00
    44,8712
    14
    Айнабулак ауылы
    09-133-059-
    2659,0641
    2659,0641
    БАРЛЫҒЫ
     
    6665,5391 га

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.