Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 «Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 «Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8568-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасының атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;
9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
2. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы
К. Ермагамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.