Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 197 «2025-2027 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 197 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4-1. 2025 жылға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға - 760 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Аудандық мәслихат төрағасы:
М. Турымов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.