Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 147 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қыркүйек 2025 ж.

    Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 147 қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 80 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Ойыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 147 «Ойыл ауданы бойынша ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    Ойыл ауданының әкімі

    А. Қазыбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.