Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қыркүйек 2025 ж.

    Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Үржар аудандық мәслихатының төрағасы

    А. Омаров

    Үржар аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 19 қыркүйектегі

    № 27-531/VIII шешіміне

    қосымша

    Үржар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII «Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 57-18 болып тіркелген) шешімі;

    2. Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 15-295/VIII «Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 302-18 болып тіркелген) шешімі;

    3. Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 23-442/VIII «Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII «Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 427-18 болып тіркелген) шешімі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.