Кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қыркүйек 2025 ж.

    Кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-40) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2025 жылғы 22 қыркүйектегі

    № 383 Бұйрығымен бекітілген

    Кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-2-бабының 10-40) тармақшасына сәйкес әзірленді және кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімін (бұдан әрі - Тізілімдер) жүргізу тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі – мүлік иелерінің бірлестігі) – көппәтерлі бір тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға;

    2) басқарушы компания – кондоминиум объектісін басқару бойынша жасалған шарт немесе көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелері жиналысының хаттамасы негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;

    3) пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі – жасалған кондоминиум объектісін басқару шарты немесе көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелері жиналысының хаттамасы негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсету үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері құрған коммерциялық емес ұйым;

    4) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, көппәтерлі тұрғын үйдің меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы.

    2-тарау. Кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаратын кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі

    3. Тұрғын үй инспекциясы қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда мынадай тізілімдерді жүргізеді:

    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін басқару нысандары бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің және кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің тізілімі;

    2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаратын кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің тізілімі.

    4. Тізілімдер тұрғын үй инспекциясының интернет-ресурсында орналастырылады.

    5. Тізілімдердегі мәліметтер мына негізде қалыптастырылады және өзектендіріледі:

    1) азаматтардың өтініштері;

    2) тұрғын үй инспекциясы жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша;

    3) қолданыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу аясында;

    4) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу және қолданыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу аясында;

    5) Заңның 51-4 бабының 4 тармағына сәйкес кондоминиум объектісін басқару субъектілері жіберетін ақпарат.

    6. Тізілімдерді жүргізу мыналарды қамтиды:

    1) Тізілімдердің мазмұнын жаңарту мақсатында бақылау жүргізуді;

    2) мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы, тікелей бірлескен басқарудағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері және кондоминиум объектісін басқару субъектілері ұсынған мәліметтер өзгерген кезде мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы, тікелей бірлескен басқарудағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері және кондоминиум объектісін басқару субъектілері жазбаша жүгінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімінің мәліметтерін өзектендіруді;

    3) кондоминиум объектілерін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың ұсынылған ақпараты негізінде тұрғын үй инспекциясы жыл сайын жүргізетін кондоминиум объектілерін басқару және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімің мәліметтерін өзектендіру.

    Кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидаларына

    1-қосымша

    Кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Об­лыс, қа­ла, ел­ді ме­кен
    аудан
    Көп­пәтер­лі тұр­ғын үй­дің ме­кен­жайы
    Бас­қа­ру фор­ма­ла­ры: мен­шік ие­ле­рі­нің бір­ле­сті­гі, ті­ке­лей бір­ле­сіп бас­қа­ру. (көп­пәтер­лі тұр­ғын үй­ді бас­қа­ру­шы)
    Мү­лік­тің мен­шік ие­ле­рі­нің бір­ле­стікте­рі, ті­ке­лей бір­лес­кен бас­қа­ру (көп­пәтер­лі тұр­ғын үй­ді бас­қа­ру­шы)
    Пәтер­лер, тұр­ғын емес үй-жай­лар са­ны
    Мү­лік­тің мен­шік ие­ле­рі бір­ле­сті­гі­нің биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі; Көп­пәтер­лі тұр­ғын үй бас­қа­ру­шы­сы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру шар­ты (кү­ні, №); пәтер­лер, тұр­ғын емес үй-жай­лар мен­шік ие­ле­рі жи­на­лы­сы­ның хат­та­ма­сы (кү­ні, №); көп­пәтер­лі тұр­ғын үй­ді бас­қа­ру­шы­ны жал­да­ған жағ­дай­да жал­дау шар­ты (кү­ні, №)
    Мү­лік­тің мен­шік ие­ле­рі бір­ле­сті­гі­нің тө­ра­ға­сы – аты-жө­ні;
    көп­пәтер­лі тұр­ғын үй­ді бас­қа­ру­шы­ның аты-жө­ні
    ес­керт­пе
    кестенің жалғасы
    Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру субъ­ек­ті­ле­рі: бас­қа­ру­шы ком­па­ния, пәтер­лер (тұр­ғын емес үй-жай­лар) мен­шік ие­ле­рі­нің ко­опе­ра­ти­ві
    Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы (бас­қа­ру­шы ком­па­ния/ пәтер­лер (тұр­ғын емес үй-жай­лар) мен­шік ие­ле­рі­нің ко­опе­ра­ти­ві)
    Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тің ба­ста­лу кү­ні.
    Бас­шы аты-жө­ні
    Заң­ды ме­кен­жай, те­ле­фон нө­мі­рі
    Пәтер­лер, тұр­ғын емес үй-жай­лар мен­шік ие­ле­рі жи­на­лы­сы­ның хат­та­ма­сы (кү­ні, №)
    Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті тоқ­та­ту кү­ні
    ес­керт­пе

    Кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидаларына

    2-қосымша

    Кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі

    1. Кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің тізілімі

    Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы: бас­қа­ру­шы ком­па­ния, пәтер­лер (тұр­ғын емес үй-жай­лар) мен­шік ие­ле­рі­нің ко­опе­ра­ти­ві
    Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі / Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тің ба­ста­лу кү­ні.
    Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру жө­нін­де­гі функ­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға бі­лік­ті­лі­гін рас­тай­тын құ­жат (кү­ні, №)
    Бас­шы (аты-жө­ні), те­ле­фон нө­мі­рі
    Заң­ды ме­кен­жай, те­ле­фон нө­мі­рі
    ес­керт­пе

    2. Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі

    Көп­пәтер­лі тұр­ғын үй­лер­ді бас­қа­ру­шы­лар
    Тір­кеу ме­кен­жайы, те­ле­фон нө­мі­рі
    Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру жө­нін­де­гі функ­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға бі­лік­ті­лі­гін рас­тай­тын құ­жат (кү­ні, №)
    Көп­пәтер­лі тұр­ғын үй­ді бас­қа­ру­шы­ның бас­қа­руын­да­ғы көп­пәтер­лі тұр­ғын үй­дің ме­кен­жайы
    Ең­бек шар­ты жа­сал­ған мү­лік ие­ле­рі­нің бір­ле­стікте­рі
    ес­керт­пе

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.