«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қыркүйек 2025 ж.

    «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10420 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың тізбесінде:

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге - күдікті ретінде тану туралы қаулы, оған қатысты прокурор айыптау актісін жасаған айыпталушыға, сотталушының айыптау үкімі, сотталушының үкімі, соттың ақтау қаулысы, жәбірленуші деп тану туралы қаулы.

    Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қорғалуға құқығы бар куәгерге - қылмыстық процестi жүргізетін органның қорғаушымен қамтамасыз ету туралы қаулысы.».

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    Е. Сарсембаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.