«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 56/03 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қыркүйек 2025 ж.

    «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 56/03 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 56/03 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабының 7-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Р. Нурмуханбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.