«Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қыркүйек 2025 ж.

    «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңы) 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында квоталарды бөлу тәртібін белгілейді.»;

    2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға;

    2) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялары;

    3) жануарлар дүниесі объектілерін үшін алып қою квотасы – жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарларын алып қою лимитінің бір бөлігі;

    4) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті – жануарлар дүниесі объектілерін олардың табиғи өсімі мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берілетін шекті көлемі;

    5) государственный орган – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

    6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

    7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

    8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілегін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.».

    3. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңның 29-бабы 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленетін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады.

    4. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында, жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қою квоталарын бөлу аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.»;

    5-тармақ алынып тасталсын.

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

    2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

    «2-тарау. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі»;

    8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша есептік деректер негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім береді.

    Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    9. Көрсетілетін қызметті беруші аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты қызметкерге орындауға береді.

    Жауапты қызметкер 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталарды бөлу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.»;

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Көрсетілетін қызметті беруші жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған лимиттер бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аңшылық шаруашылығы субъектілері бөлінісінде аң аулау объектілері болып табылатын, жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді жүзеге асырады.»;

    16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе, онда жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квота бөлінбейді.

    Ғылыми мақсаттарда жануарлар түрлерін алу квотасын бөлу резервтік қордағы аңшылық шаруашылықтар аумағында есептік деректердің болуын ескере отырып жүзеге асырылады.»;

    17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтар алынып тасталсын.

    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    3, 6 және 7-қосымшалар алынып тасталсын.

    2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м. а.

    Н. Шарбиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи

    ресурстар министрінің м. а.

    2025 жылғы 23 қыркүйектегі

    № 253

    бұйрығына 1-қосымша

    Жануарлар дүниесі объектілерін

    алып қою квоталарын

    бөлу қағидаларына

    1-қосымша

    «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: «Бе­кі­ті­л­ген ли­мит­тер негі­зін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­ға кво­та­лар бө­лу»
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аң­шы­лар­дың және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­ле­рі­нің қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің рес­пуб­ли­ка­лық қа­уым­да­стық­та­ры (бұ­дан әрі - Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші).
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сі­лі
    «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал).
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап - 3 (үш) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­дың бе­кі­ті­л­ген ли­мит­те­рі негі­зін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­ға кво­та­лар бө­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны: элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
    1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы жер­гі­лік­ті мем­ле­кет­тік бас­қа­ру және өзін-өзі бас­қа­ру ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
    2) Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және Заң­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­нім­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    Аң аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қо­ю­ға кво­та­лар­ды бө­лу ке­зін­де мы­на­лар­ды ұсы­ну қа­жет: осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы үшін аң аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар­дың түр­ле­рі бой­ын­ша алып қою кво­та­сын алу­ға ар­нал­ған өті­нім. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы аң аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рі бой­ын­ша есеп­тік де­ректер негі­зін­де өті­нім­ді ұсы­на­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­шіл мы­на­дай негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің және де­ректер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
    5) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­ды ны­сан тү­рін­де ЭЦҚ болған жағ­дай­да ала ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қо­ю­ға мә­лім­дел­ген кво­та «Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тер­ді бе­кі­ту ту­ра­лы» (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11005 бо­лып тір­кел­ген) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 на­уры­зда­ғы № 18-03/271а бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, аң аулау ны­са­ны бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қо­ю­ды бел­гі­лен­ген нор­ма­ла­ры­на сәй­кес бо­луы ти­іс.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.