Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Оларды өткізу бойынша айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын ветеринария, оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар) саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттардың; протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен ветеринариялық техниканы қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың; ветеринария, оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар) саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды және протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен ветеринариялық техниканы қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 261 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19065 болып тіркелген);
2) «Оларды өткізу бойынша айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын ветеринария, оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар) саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттардың; протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен ветеринариялық техниканы қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың; ветеринария, оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (активті фармацевтикалық субстанциялар) саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды және протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен ветеринариялық техниканы қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32585 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.