Есіл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қыркүйек 2025 ж.

    Есіл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Күші жойылды деп танылсын:

    Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданы бойынша халқы үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2022 жылғы 21 шілдедегі № 28/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28996 болып тіркелген);

    Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 28/3 «Есіл ауданы бойынша халқы үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 36/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8509 болып тіркелген).

    2. Осы оның шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Есіл аудандық мәслихаты төрайымының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы

    Е.Челюбеева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.