Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің Бастөбе ауылының көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақастан Республикасы Заңының 25-1 бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшалырна сәйкес, Бастөбе ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 18 тамызындағы Жетісу облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бастөбе ауылдық округінің Бастөбе ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1) «Төртінші» көшесі «Алатау» көшесіне;
2) «Бесінші» көшесі «Жетісу» көшесіне;
3) «Алтыншы» көшесі «Медеу» көшесіне;
4) «Стадионная» көшесі «Достық» көшесіне;
5) «Стадионный» шағын-көшесі «Достық» шағын- көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Бастөбе ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Д.Ж. Аиповқа жүктеймін.
Округ әкімі
Э. Ким
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.