«Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1656 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар» 1-бөлімі мынадай мазмұндағы 65), 66), 67), 68), 69), 70), 71), 72), 73), 74) жолдармен толықтырылсын:
«
|
65)
|
Бронх демікпесі
|
«Тезепелумаб»
|
|
66)
|
Псориатикалық артропатия
|
«Гуселькумаб»
|
|
67)
|
Гипофосфатемиялық рахит
|
«Буросомаб»
|
|
68)
|
Кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит
|
«Тофацитиниб»
|
|
69)
|
Крон ауруы
|
«Ведолизумаб»
|
|
70)
|
Шашыраңқы склероз
|
«Офатумумаб»
|
|
71)
|
Прогрессивті жүйелік склероз, жүйелік склеродерма
|
«Ритуксимаб»
|
|
72)
|
Қалқанша безінің қатерлі ісігі
|
«Селперкатиниб»
|
|
73)
|
Өкпе қатерлі ісігі
|
«Селперкатиниб»
|
|
74)
|
Көп ошақты миелома
|
«Помалидомид»
».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы
М. Отыншиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.