Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналардың:
1) «Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/382-6с шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27 болып тіркелді);
2) «Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/382-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы №16/143-VII шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28412 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы
Б. Нарымбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.