Жаңасемей ауданы Ертіс ауылдық округі Мұқыр ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қыркүйек 2025 ж.

    Жаңасемей ауданы Ертіс ауылдық округі Мұқыр ауылының шекарасын (шегін) өзгертутуралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Жаңасемей ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңасемей аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулыға және шешімнің қосымшасына сәйкес, Жаңасемей ауданы Ертіс ауылдық округі Мұқыр ауылының шекарасы (шегі) 77,1 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыстыру арқылы өзгертіліп, Жаңасемей ауданының Ертіс ауылдық округі Мұқыр ауылының шекарасы (шегі) жалпы ауданы 5042,9 га болып белгіленсін.

    2. Осы бірлескен қаулымен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жаңасемей ауданының әкімі

    Н. Әбдікәрімов

    Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы

    Е. Абильмажинов

    Жаңасемей ауданыәкімдігініңбірлескен

    2025 жылғы 17қыркүйектегі

    № 181 қаулысына және

    Жаңасемей аудандықмәслихатының

    2025 жылғы 17қыркүйектегі

    № 19/219-VIII шешіміне

    қосымша

    Жаңасемей ауданының Ертіс ауылдық округі Мұқыр ауылының шекарасының схемасы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.