Аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесімен оның нысанын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қыркүйек 2025 ж.

    Аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесімен оның нысанын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ежересі;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналының нысаны бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Аумақтық қорғаныс департаменті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты

    Д. Қосанов

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қорғанысминистрінің

    2025жылғы «__» ________

    № ___ бұйрығымен

    бекітілген

    Аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесі

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

    2. Ереже тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын (бұдан әрі – Есепке алу журналы) жүргізуді айқындайды, ол есепке алу журналын ресімдеуді және толтыруды қамтиды.

    2-тарау. Қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесі

    3. Есепке алу журналын аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган толтырады.

    4. Есепке алу журналы қағаз жеткізгіште жүргізіледі, нөмірленеді, тігіледі және оны жүргізуге тағайындалған жауапты адамның қолтаңбасымен және уәкілетті органның мөрімен (бар болса) куәландырылады.

    5. Оған жазу толық, анық, ұқыпты жазылады, түзетулер мен қателерге жол берілмейді. Қате жазылған жазуды жауапты адам ескертіп, қолтаңбасымен куәландырады.

    6. 1-бағанда аумақтық қорғаныс саласындағы әрбір тексеру актісі үшін реттік нөмір көрсетіледі.

    7. 2-бағанда журналды толтыру күні көрсетіледі.

    8. 3-бағанда аумақтық қорғаныс саласындағы тексеруді тағайындау туралы актінің нөмірі мен күні көрсетіледі.

    9. 4-бағанда аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның атауы көрсетіледі.

    10. 5-бағанда аумақтық қорғаныс саласындағы тексеруді жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіледі.

    11. 6-бағанда тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы көрсетіледі.

    12. 7-бағанда тексерілетін субъектінің сәйкестендірунөмірі (БСН) көрсетіледі.

    13. 8-бағанда аумақтық қорғаныс саласындағы тексеруді жүргізу мерзімі көрсетіледі.

    14. 9-бағанда актілерге қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы көрсетіледі.

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2025 жылғы «__» ________

    № ___ бұйрығымен

    бекітілген

    Нысан

    Тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналы

    Р/с №
    Жур­нал­ды тол­ты­ру кү­ні (кү­ні, айы, жы­лы)
    Тек­се­ру­ді та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­нің кү­ні және нө­мі­рі
    Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы
    Тек­се­ру­ді жүр­гізу­ге уәкі­лет­ті адам­ның (адам­дар­дың) те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) және ла­у­а­зы­мы
    Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің (объ­ек­ті­нің) ата­уы
    Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН)
    Тек­се­ру­ді жүр­гі­зу мер­зі­мі
    Ак­ті­лер­ге қол қо­ю­ға уәкі­лет­ті адам­ның қо­лы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.